Мәдениет

Мектеп түлектерімен кездесті

Адам өмірінде қарым-қабілеті жеткен мамандықты игеріп, зор жетістікке жету жолында түрлі қиындыққа кездеседі. Қалаған мамандыққа деген іңкәрлігі оянып, жан-тәнімен беріле орындаған жағдайда үлкен асуды бағындыратыны сөзсіз. Бәсекеге қабілетті болудың алдыңғы шарты өзің айналысатын жұмыстың қыр-сырын игере отырып, жаңадан тың идеяға ерік беру – құптарлық дүние. Бүгінде қоғамның әрбір мүшесі талай мамандықтың тізгінін ұстап, қатарластарының арасында оқ бойы озық тұруды қалайды. Үнемі жарқын келешегінің кепілі ретінде үздіксіз ізденуді тоқтатпайды. Міне, осындай табандылығымен халық арасында етене таныс мамандық иелерінің еңбегі өлшеусіз. Мектеп қабырғасында жүрген әрбір жастың көкейінде жоғары білімді, белгілі бір мамандық иесі атануға деген құлшыныс зор екенін аңғарамыз.

29 января, 09:32
Оқушылар арасында интеллектуалды сайыс өтті

Жуырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қазақстанның жеті кереметі» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Аталмыш кітапхананың кітапханашысы Гүлбағира Сүлейменова мен Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының кітапханашысы Роза Сәрсенбаеваның ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – оқушыларды Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, өз елінің патриоты болуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, ойын арқылы ынтымақтастық орта қалыптастыру.

25 января, 11:20
Жыр алыбын жырлады жас ақындар

Таяуда аудандық Мәдениет үйінде «Жамбыл – менің жәй атым, Халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Аудандық іріктеу кезеңіне дейін жауһар жырды жолдас еткен ақындар ауылдық округтерден сараланып алынып, ауданға жолдама алған болатын. Ал, бүгінгі жыр аламанында оза шапқан айтыскерлер ақпан айында өтетін облыстық сөз барымтасында ақындық тегеуріндерін көрсетпек.

25 января, 11:19
Үздіктер анықталды

Дүйсенбі күні Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияда ау­дан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдас­тыруымен «Қожа Ахмет толғасын...» атты өнер мен білім байқауы өтті.

22 января, 10:04
Латын графикасы – мемлекеттік қызметте

Жуырда аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен өткен «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты аудандық байқауда мемлекеттік қызметшілер бақ сынасты. Үш кезең бойынша өткен байқауға «Тілдарын» (Аса ауылдық округі), «Бүркіт» (Ерназар), «Өрлеу» (Айшабибі), «Қамқоршы» (Ақбастау), «Алаш» (Қаратөбе), «Көлқайнар» (Көлқайнар), «Тіл тағдыры» (Полатқосшы), «Тұлпар» (Өрнек), «Қарасу тарландары» (Қарасу), «Жаңғыру» (Қаракемер), «Ақбұлым» (Ақбұлым), «Сұңқар» (Қарой), «Ұлы дала қырандары» (бөлімдер құрамасы) командалары қатысты.

19 июня 2019, 09:23
Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың белгісі

Ғалымдардың зерттеуі бойынша жазу мәдениеті қалыптасқан уақыттан бері қазақ халқы он алты әліпбиді қабылдаған екен. Жаңа әліпби тіл тарихы бай қазақ халқы үшін ана тілінің табиғи қалпын қайта жаңғыртудың жолы деп қараған абзал. 

19 июня 2019, 09:21
Үлкен өмірге жолдама

Сәрсенбінің сәтті күнінде ауданымыз бойынша барлық орта білім беру ұйымдарында түлектердің мектеппен қоштасу кеші ұйымдастырылды. Осындай салтанатты жиын Боголюбово орта мектебінде де өтті. 2018-2019 оқу жылы Боголюбово орта мектебін барлығы жеті оқушы 11 сыныпты тәмамдаған.

13 июня 2019, 18:24
РӘМІЗДЕРМЕН МАҚТАНАМЫН

3 маусым күні Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рәміздермен мақтанамын» атты бейне-қонақжай өтті.

7 июня 2019, 16:22
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

Бүгінгі таңда кітапхана – халыққа білім нұрын себетін ақпарат орындарының бірі. ХХІ – ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.  

7 июня 2019, 16:19
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Әлемдегі ең ізгі мейрамның бірі балаларға арналған мереке болса керек. Сондықтан  1 маусым  – Халықаралық балаларды қорғау күні болып есептеледі. Бұл мерекені  еліміздің түпкір-түпкірінде кең көлемде атап өтеді.

7 июня 2019, 12:37

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары