Оқушымыздың қуанышқа толы бір күні

Өткен  жылдың  желтоқсан   айының  соңында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Жаңа  жылдық шырша тойына қатысқан Ақадыр орта мектебінің 7- сынып  оқушысы  Мұратбек  Бақытбек  білім  ордамызға    көтеріңкі   көңіл-күймен,  ерекше    әсер  сезімімен   оралды.

Елбасымыздың  қолдауымен  «ерекше» санаттағы   балаларға арналған бір  күндік  қуанышты сәтті басынан   өткізуге   мүмкіндік  берген  Зеренді  ауданы  Білім бөлімінің басшысы Жангелді Өсімжанұлына  және  оқушымызды апарып- әкелуге  тікелей жауапты болған аталған бөлімнің әдіскері Анара Мұсабекқызына, мектеп ұжымының, Мұратбектің     ата - аналарының  атынан    үлкен  алғысымызды  білдіреміз. Президенттік Шырша  мерекесіне    қатысқан  Бақытбек  Аяз атаның   сиқырлы  қапшығынан   100.000  теңгелік   бағалы  сыйлықтың  сертификатын    алып,  елге  қайталанбас   қуанышпен   келгенін   жасыра  алмады.

  Сөз соңында  барша  балалардың  қызықты  да  бақытты  сәттері көп болсын.  Әр  баланың  дені сау,  бүгінгі   жарқын  өмірдің  бар  қызығын  көріп  өсіп, еліміздің  болашағы   өз  қолдарында   екенін   әрдайым   жадында   ұстасын  дегім  келеді!

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары