Қайырым жасау қанымызда бар

Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық бар екені рас. Ол қайырымдылық.

Адамдардың бір-біріне қайырымдылығы немесе жекелеген кәсіпкердің кейбір жандарға қол ұшын созуы көңілдерге  жылу сыйлайды. Неге десеңіз ондай жағымды жаңалықтың, игі істің  шарапаты мол.

    Осындай қайырымды іспен айналысып жүрген «Қазына SR» ЖШС-нің жеке кәсіпкері, аудандық мәслихаттың депутаты Сайра Матайбаева алғысқа бөленген жанның бірі. Кәсіпкер әйел «Алғыс күні»,  «Қарттар күні», Наурыз мерекесі, Халықаралық әйелдер күніне  байланысты мерекелік іс-шараларға ат  салысып халықтың алғысын алуда. 2015 жылы  Рақымжан Қошқарбаев ауылдық  округіне қарасты Ағанас елді мекенінің үйлері түгелдей суға кеткен болатын. Облыс, аудан басшыларының көмегімен зардап шеккендердің барлығы баспанамен  қамтамасыз етілді.  Сол уақытта көшіп келген ауыл үлкендеріне яғни еңбек, тыл ардагерлері Ідірісов Наурызбек, Шәкенбаева Күлбағила және Абаев Ерден сияқты қарттарға сыйлықтарын таратып баталарын алды. Барлық  іс-шараларға немқұрайды қарамай демеушілік көрсетеді.  

    Аудан әкімі Малгаждар Таткеевтің биылғы есептік баяндамасында  «Қазына SR» ЖШС-ның кәсіпкері Сайра Матайбаева 200 орындық бастауыш мектеп салу үстінде, онда ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 12 сынып болады деп атап өтті. Ендеше бұл Сайраның болашақ ұрпағымыз үшін жасап отырған игі ісі. Бай бол, кедей бол, қайырымды болу әр азаматтың міндеті. Ендеше, Сайраның кәсіпкерлігі өркендеп,  міндеттері орындалуына тілектеспіз. Ал қайырымдылық жасау қашанда-ғанибет.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары