Фариза - поэзия патшайымы

Биыл қазақ поэзиясының патшайымы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы еліміздің түкпіртүкпірінде тойлануда. Фариза саналы ғұмырында өзінің жалынды жырлары мен отты өлеңдеріне қазақтың ары мен намысын түйіп өткен арда ақын. Фаризаның өлеңдері қашанда оқырманның жан азығына айналған қымбат дүние. Ол – мұғалім үшін тәрбие құралы.

Ол көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтқа адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік-азаматтың асқар биігінен көрінген ақын. Осыған орай қалалық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Жыр патшайымының шығармашылығын насихаттауға бағытталған байқауға 17-29 жас аралығындағы 19 үміткер қатысты. Жарыс талаптары бойынша қатысушылар алғашқы кезеңде ақынның жыр-шумақтарын оқыса, екінші кезеңде прозалық шығармасынан үзінділер оқыды. Байқауды таразылаған әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені № 17 колледждің студенті Ералы Айсана иеленді. I орынды Ә.Жангелдин жалпы орта мектебінің оқушысы Сәрсенбай Жұлдыз алды. II орынды С. Адамбеков жалпы орта мектебінің оқушысы Әшірәлі Несібелі мен Амангелді жалпы орта мекте-бінің мұғалімі Жәдігеров Санжар бөлісті. Ал III орын №2 бастауыш мектебінің мұғалімі Абдубаитова Айгүл мен №3 жалпы орта мектептің оқушысы Төржан Сымбат және Тәшенов мектебінің оқушысы Абдрахман Аяулымға бұйырды.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары