Ер есімі ел есінде

Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлігін қастерлеп, дәріптеудегі шарамыз

Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлеу мақсатында «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты патриоттық акциясын №46 ЖОББМ 1, 3 «д» сынып оқушыларымен бірлесе  өткіздік.  Балаларды Отанын сүюге, батыр бабаларының ерлігін үлгі тұтуға тәрбиелеу, Ұлы Жеңісті насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру және Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлігін қастерлеп, дәріптеудегі шарамызда балалар Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған Қ.Қайсенов, Қ.Аманжолов,  Б.Момышұлы, Б.Бұлқышов, Ә.Нұршайықов  сынды ерлерді еске алып,  Жұбан Молдағалиевтің «Әлия», «Атака», «Жеңіс күні» атты өлеңдерін бүлдіршіндер мәнерлеп оқып берсе, 3-сынып оқушылары көрініс көрсетіп «Катюша» әнін нақышына келтіріп орындаса,                   1-сынып оқушылары  «Матросс» биін мың бұрала билеп   берді. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары