«Алаш және Әлихан» атты дала конференциясы

Елбасымыз Н.Назарбаев ұлт тарихын ұлықтап, жандандыру мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын өмірге әкелді. «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтармен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті» - деген Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі екенін де ескерткен болатын.
Осылайша Елбасымыздың жоғарыдағы мақаласы тарих саласында үлкен сілкініс жасады. Аталмыш мақала аясында жаңғыртатын түрлі танымдық басқосулар мен коференциялар, ашық сабақтар өткізіліп ұлттық тарихымызды жаңғыртуға септігі мол үлкен жұмыстар атқарылып келеді. Соның бір айғағы ретінде мамыр айының 18 жұлдызында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы, аудандық білім бөлімі және археологиялық-этнографиялық музейдің ұйымдастыруымен өткен танымдық рухани шараны айта аламыз. Конференция негізінде Ә.Бөкейхан, К.Байсейітова, Ә.Ермеков және Қ.Нұржанов мектебінің 10-11 сынып оқушылары кешегі күннен керуен тартқан Беғазы-Дәндібай, Желтау сынды ауданымыздағы тарихи өңірлерді аралап, Ұлт көсемі Ә.Бөкейханның қол таңбасы қалған Талдыбейітке аттұмсығын тіреп, мол мәдени мағұлмақта қанықты. Ұлы даланың төсіндегі тарихи маңызы бар орындарына аяқ басып, ауданымыздың мәдени құндылықтарын көзімен көрген оқушылар көкейлеріне ой түйіп қайтты. Конференция ұйымдастырушылары өздерінің діттеген мақсаттарына жетіп, мәдени-рухани шараны жоғары деңгейде өткенін алға тартады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары