АБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНА БАҒА БЕРДІ

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы сөз бостандығына 10 балдық шкала бойынша баға берді, деп хабарлайды BNews.kz.

-              Менің қазір кетуім керектігіне қарамастан, сіздер маған сұрақ қойып тұрсыздар. Мен мұны еліміздегі баспасөз бостандығының көрсеткіші деп санаймын, яғни ешкім сіздердің «бетіңізден қағып» жатқан жоқ қой. Мен сіздердің алдыңызда еркін тұрып, сұрақтарыңызға жауап беріп жатырмын. Мен сөз бостандығының көрсеткішін 7-8 балл деп түсінемін, бірақ мен бұл көрсеткішті одан да жақсартатынымызға сенімдімін, - деп журналистердің сұрағына жауап берді Дәурен Абаев Үкімет отырысынан кейін.

Еске салсақ, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшысы Дәурен Абаев Ratel.kz мен Forbes редакцияларындағы тінту туралы түсініктеме берді. Ол бұл ақпарат туралы БАҚ-тың жаңалықтарынан білгенін айтты.

Аталған іс бойынша 2018 жылдың 30 наурызында Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне біле тұра жалған ақпарат таратқаны туралы екі интернет-порталдың қызметкерлеріне қатысты К. есімді азамат арыз түсірген.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары