Мәдениет

Құндылықтарды құрметтеу – міндет

Жастар – еліміздің ертеңгі тірегі, болашағы. Ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен салт-дәстүрімізді, тілімізді, мәдениетімізді, дінімізді келер ұрпаққа жеткізетін де солар. Бүгінде дінді ұстанамын, иманды­лыққа бет бұрамын деп, бірақ білместігінен, діни сауатының төмен­дігінен жат діни ағымдардың ықпалына түсіп, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлт­тық құндылықтарымызды мойындамай жүрген жастарымыз да бар. 

24 июня, 09:31
АБАЙ МҰРАСЫ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай жазылған Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бәрімізге үлкен ой салды.

20 июня, 09:16
Ақын мұрасы — таусылмас асыл қазына

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында ақынның мерейтойын лайықты деңгейде атап өтуді тапсырды. 

17 июня, 12:53
Таңдаулы туындылар — оқырмандар назарына

Қазақ халқында артына өлмес мұра қалдырып, оқырмандар жүрегіне жол тартқан ақын-жазушылар өте көп. Олардың шығармалары кейінгі ұрпаққа мәңгілік рухани азық болып қалады. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары адамдар кітап оқудан алыстап барады. Оған қазіргі ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілер де кері әсерін тигізуде. 

13 июня, 09:28
Қоғамдық тіл инспекциясы құрылды

Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл» деген екен. Ана тіліміздің қадірін әркім осылай бағаласа керек. Себебі тіл – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі.

13 июня, 09:26
Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Биыл еліміздегі жағдай өзгеше болып тұр. Қауіпті дерттің ел аумағында таралуына байланысты халықтың басым көпшілігі үйінде отыр. Солардың бір сәт көңілін аулап, жүзіне күлкі, жүрегіне қуаныш ұялатып жүрген өнер адамдары екені рас. Бұл күнде олар халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жігерлендіру үшін онлайн режимде концерт беріп жатқаны белгілі. Өнер адамдары халықпен бірге екендерін көрсетіп жүр.

30 мая, 10:03
Әлемнің екінші ұстазы

Таяуда газетіміздің тілшісі Ақжігіт Жетпісбай Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Әлемнің екінші ұстазы» тақырыбындағы шығармалар байқауының жеңімпазы атанды. Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, төменде байқауға ұсынылған мақаланы жариялауды жөн көрдік.

20 мая, 09:20
Рухани өміріміздің мәйегі

Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Мәдениет – адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да, өнер – мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды. Қазақ халқының дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Мәдениет пен өнер – рухани өміріміздің мәйегі.

20 мая, 09:19
ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ ҚҰЖАТЫ

Ел Прези­денті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын оқып, мақалада айтылған орамды ойларына риза болдым. Абай біздің халқымыздың рухани паспорты екендігін бүкіл жұртшылыққа жеткізу толғағы жеткен мәселе еді. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып отырғанда оның үнемі елді, халықты алға жылжуға, өркениетті елдер көшінен қалып қоймауға үндегені көзге шалынады. Осыны анық байқаған Мемлекет басшысы Абайдың елді өркениетке жеткізу үшін ғылым керек екендігін айтқанына баса назар аударады. Абайдың жиырма бесінші қара сөзіне тіл туралы, тілді меңгеру туралы сүбелі пікірлер білдіреді. Мәселен, «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы» деп атап көрсеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы кемелділіктің көрінісі ретінде Абайдың «Толық адам» ілімін түсіндіріп өтеді.

16 мая, 10:16
Ұлттың ұлы қасиеттерін айшықтайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы – түйсігі бар кез келген адамды терең ойландыратын, ойландырып қана қоймай, тәрбие, тағылым беретін рухани бағыттағы бағдарламалық мақала.

25 апреля, 10:01

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары