ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

Елбасы биылғы жылды өскелең ұрпаққа арнап – Жастар жылы деді. Бұл республикамызда үлкен бір серпіліс берген соны жаңалық болды. Қазір жер-жерлерде соған сәйкес жұмыстар қолға алынған.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Әлібай Мейрамбек Приречный ауылының орта мектебінде сызу және бейнелеу өнері бойынша оқушыларға дәріс береді.

Бұл азамат кезінде Еуразия университетін, соңын ала «Шабыт» Өнер оқу ордасын толықтай аяқтаған екен.

Сурет салу, мүсін жасау, тағы басқа кескіндемелік мәні бар өнерді жан-жақты меңгергеннен кейін жас ұстаз «Астана галереясында» біраз тәжірибе жинақтады. Өзінің жеке көрмесін де ұйымдастырған.

Әлібай Мейрамбектің Приречный мектебіндегі шағын көрмесін біз де көрдік. Оның бәрі қазақ халқының өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін тамаша бір дүниелер. Келешегі бар ел азаматының өнеріне көпшілік болып қатты бір сүйсінген едік.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары