БАС БӘЙГЕ

Көкшетауда облыстық «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауының қорытындысы шығарылды.

Биылғы байқауға 211 ауылдық округтен 50 мыңнан аса адам қатысты. 110 жаңа шығармашылық ұжым және 151 жаңа әнші анықталды.

Сол күнi 60 астам мәдениет саласының ең үздiк өкiлдерi «Еңбек ардагерi» медальдерiмен, «Мәдениет саласының үздiгi» төс белгiлерiмен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Солардың iшiнде, облыстық орыс драмалық театрының жоғары санатты артисi Виктор Крылов, ақын, әншi-сазгер Иран Тасқара, Астрахан аудандық мәдениет үйiнiң музыкалық жетекшiсi Светлана Песоцкая, облыстық филармонияның «Гәкку» ансамблiнiң балетмейстерi Гүлмира Ордабаева және басқалар бар.

Облыстық «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауының жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi өткiзiлдi. Бiрiншi орынды Степногорск қаласы, Бурабай, Аршалы аудандары иелендi. Оларға облыс әкiмi дыбыс жазу студиясына аппаратуралар тапсырды.

Гран-приді Көкшетау, Есiл мен Целиноград аудандары иеленді. Оларға автокөлік кілттері тапсырылды.

Соңғы 3 жылда өңiрде 46 мәдениет объектiсi жөнделдi. Ағымдағы жылы 7 объектiнi жөндеу жоспарланып отыр. Қазiргi уақытта екi облыстық музейдi реконструкциялау мен реэкспозициялау жұмыстары жүргiзiлуде, сонымен қатар «Ұлы даланың жетi қыры» бағдарламасы шеңберiнде өлкемiздiң атақты тұлғалары Бiржан сал, Ақан серi, Балуан Шолақ, Үкiлi Ыбырай мен Кенесары ханға ескерткiштер орнату жөнінен жобалар әзірленуде.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары