ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі – 6 трлн 460 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 135,1% құрап отыр.

Мұнай – 31 млн. 500 мың тонна,  101.5% (2017ж –31 млн. 300 мың) және газ – 15 млрд. 800 млн. текше метр, 98,7% (2017ж – 16 млрд.) өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 99,7%.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3 трлн. 103 млрд. теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 205% құрады.

БЮДЖЕТ

Аудан бюджеті бойынша жергілікті бюджетке 26 млрд. 268 млн.теңге кірістер бөлігі жоспарланып, нақты 27 млрд. 522 млн. теңге салықтар түсті, немесе жоспар 104,8 пайызға орындалды.

Шығыстар бөлігі 28  млрд. 622 млн. теңге көлемінде жоспарланып,   99,9 пайызға игерілді

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс жұмыстарының көлемі 444 млрд. 142 млн. теңге, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,6% құрап отыр.

Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған жаңа жерлерге инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізу: Құлсары қаласындағы «Болашақ», «Атырау» ықшам аудандарына және Жаңа Қаратон кентіне ауыз су құбырларының құрылысы аяқталып, аталған ықшам аудандарға электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталуда.

Құлсары қаласы бойынша:

1. «Береке»  және «Мұрагер»  ықшам аудандарында 280 орындық 2 балабақша

2. «Аудандық  орталық кітапхана»

3. «Мұражай»

4. «Өнер мектебі» және №5 мектеп жанында 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Игілік»бағдарламасы аясында Майкөмген ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені және 100 орындық балабақша құрылысы аяқталуда, 2019 жылы пайдалануға беріледі.

ЖОЛ ЖӨНДЕУ, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ауданымыздағы инфрақұрылымды дамыту саласында негізгі факторлардың бірі жол салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Құлсары қаласында асфальттауды қажет ететін көшелердің жалпы ұзақтығы 107 шақырым. Асфальттау жұмыстары 3 кезеңге бөлінген. 1 ші кезең бойынша жұмыстар атқарылып кәзіргі кезде 5,7 шақырым асфальт төселінді. 1 ші кезең бойынша 14 ықшам аудандарды қамтитын 45 шақырым көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғасын табады.

Қала ішімен өтетін  Құрсай өзенін тазалау жұмыс жобасының абаттандыру және құрылыс жұмыстары қыркүйек  айында басталып, жұмыстары жүргізілуде.

КӘСІПКЕРЛІК

Аудан бойынша 6693 (2017 жылы 6638) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 5619 бірлік (2017 жылы 5478).

Кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 13 мыңнан (13 868) астам адам болса, 2017 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда тіркелген субъектілер саны 1,8%-ға, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2,5%-ға және жұмыспен қамтылғандар саны 16,7%-ға өсіп отыр.

Кәсіпкерлік субъектілерімен 25 млрд. 760 млн (2018 жылдың I-жартыжылдық жағдайымен) теңгенің өнімі шығарылса, жергілікті бюджетке 16,7 млрд теңге салық түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда салық түсімі 2,8 есеге, шығарылған өнім 3,3%-ға өсіп отыр.

Жұмыс істеп тұрған 5619 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің басым бөлігі көтерме, бөлшек сауда (1863) және өзгеде қызмет түрлерін ұсынумен (1219)  айналысады.

Ауданда 713 кәсіпкерлік нысан қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 32 кәсіпкерлік нысаны іске қосылды.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 480 адамға консультациялық кеңестер және 171 жеке кәсіпкерге есептілік бойынша көмек, 26 адамға бизнес-жоба дайындалып берілді. «Бизнес кеңесші» жобасымен 75 адам курстан өтсе, «Бастау - Бизнес» бағдарламасымен күні бүгінге 175 адам оқытылды.

Бұдан басқа 1000-нан астам адамның қатысуымен  20 көшпелі мәжілісі өткізіліп, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді. Нәтижесінде төмендегідей бағдарламалар бойынша шағын және ортакәсіпкерлік субъектілері несие алуға қол жеткізіп отыр.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде:

2018 жылы несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін 165-ке жуық жаңа жұмыс орнымен 3 млрд. 792 млн. теңгені құрайтын 109 жоба мақұлданып, осы бағдарлама шеңберінде 77 жобаға    1 млрд. 19 мың теңгеге кепілдендіру және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 7 млн. 263 мың теңге грантқа 3 жоба ие болды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен 42 адамға мал басын көбейтуге, техника сатып алуға, дүкен ашуға және т.б. барлығы 311 млн. теңгеге несие беріліп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 жобаға барлығы 721 мың 500 теңге грант берілді.

2018 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-мен әлеуметтік инвестициялар бағытымен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жарқыра» бағдарламасы бойынша 1 жобаға 3 млн. теңге пайызсыз несие берілді.

Алдағы уақытта да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және оны қолдау мақсатында жүйелі түрде жұмыстар атқарылатын болады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауданда:

17 040 бас мүйізді ірі қара,

69 635 бас қой-ешкі,

8 491  бас жылқы,

7 920 бас түйе,

97 622 бас құс өсіріліп отыр. Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда мүйізді ірі қара және қой-ешкі 103 пайыз, жылқы 107,9, түйе 100,9, құс 114,7 пайызға өсіп отыр. Осы мезгілде тірілей салмақпен есептегенде 5 844,8 тонна ет,

5 907,1 тонна сүт, 23 млн. 13 мың дана жұмыртқа өндірілді.

 Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда:

 Ет өндіру 103,4,

 Сүт өндіру 103,

 Жұмыртқа 172 пайызды құрады.

2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 72 млн. 250 мың теңге жеңілдетілген несие алып, мүйізді ірі қара (85) және қой (1370) малын сатып алуда.

Егін шаруашылығы бойынша 12 шаруашылық 167,5 гектар жерге егін егіп, 650 тонна көкөніс, 2036  тонна бақша өнімдері алынды.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР

Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздық есебіне 3834 жұмыссыз тіркеліп, тұрақты жұмысқа 3951 адам орналастырылды. Жыл басынан бері 4994 жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде:

Қысқа мерзімді курстарға 388,

Әлеуметтік жұмыс орнына 85,

Жастар тәжірибесіне 89,

Ақылы қоғамдық жұмысқа 484 адам жіберілді.

Жыл басынан бері 17 рет өткізілген жәрмеңкеге 2276 жұмыссыз қатысып, оның 920-сы жұмысқа орналасты.

Жылыой ауданы бойынша  мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 2233.  Бала жастан мүмкіндігі шектеулі  -  425 бала бар.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралары негізінде,  кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізілді. Аталған көмек екі түрге бөлінеді: шартты және шартсыз ақшалай көмек. Оған 182 отбасындағы 966 адамға 43,0 млн. төленді. Атап айтқанда шартты ақшалай көмек түріне 155 отбасындағы 835 адамға 35,2 млн. теңге, шартсыз ақшалай көмек түріне 27 отбасындағы 131 адамға 7,8 млн. теңге тағайындалды.

Шартты ақшалай көмек алушылар ішіндегі еңбекке қабілетті 126 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, оның ішінде 78-і тұрақты жұмыс, 1-еуі әлеуметтік жұмыс, 15-і қоғамдық жұмыс және 32-сі кәсіби оқу мамандықтарына оқытылды.

БІЛІМ САЛАСЫ

Ауданымызда 20 жалпы орта білім беретін мектептер жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны - 17304.

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде аудан бойынша 21 балабақша (екеуі – жекеменшік), мектеп жанындағы 29 шағын орталықта 496 бала тәрбиеленуде, барлық балабақшада 4614 бала тәрбиеленіп оқытылуда және бала бақша кезегінде 3257  бала тіркелген, жалпы қамту  65,1 пайызды құрады.

2018 жылдың  мамыр айында Құлсары қаласында 50 орындық «Зейнеп Әмина және балапандар»  атауымен жекеменшік балабақша ашылды.

Сонымен қатар 2018 жылдың 5 шілдесінде Құлсары қаласының “Автожолшылар” және  “Барлаушылар” ықшам аудандарында  әрқайсысы          290 орындық  екі   балабақша  ашылған болатын. Кәзіргі кезде қызмет атқарылып, балалар тәрбиеленуде.

2017 - 2018 оқу жылы бойынша білім сапасы 55,4 пайызды құрады. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) бойынша орташа балл 78,1 пайызды құрады. Мектептер 100 пайыз интернет жүйесіне қосылған.

Кәзіргі кезде аудан мектептерінде 1577 мұғалім жұмыс жасайды, осы оқу жылында 66 маман жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда аудан бойынша 31 мұғалімге қажеттілік бар (орыс сыныптарындағы математика, физика, бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, алғашқы әскери дайындық пән мұғалімдері).

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтаудың  мемлекеттік құрылымы құрамында 1 аудандық  аурухана, 1 аудандық емхана және 6 дәрігерлік амбулатория бар.

2018 жылы аудан 15 жас маман дәрігермен толықты, оның ішінде 7 жалпы тәжірибелі дәрігер, 2 акушер-гинеколог, 2 оташы дәрігер, 1 тіс дәрігер, 3 терапевт.

Ауданда денсаулық сақтау саласы бойынша 2 дәрігер жетіспейді (1 көз-дәрігер, 1-кардиолог).

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

2018 жылы ауданда 11056 адам санымен қамтитын 105 әр түрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: халықаралық - 4, республикалық - 3, батыс аймақтық – 1, облыстық - 35, аудандық - 62. Аудандағы барлық тұрғындар арасында спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатындар саны 19023 адам, жалпы белсенді халық санының 23,9% пайызын құрайды. 

Аудан спортшылары халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде өткізілген жарыстардан жүлделі орындардан көрініп келеді.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Аудан бойынша 20 мәдени мекемелер халыққа қызмет көрсетіп келеді. Олар 1 аудандық мемлекеттік «Кең Жылыой» мәдениет үйі, 17 кітапхана, 1 қалалық, 1 ауылдық клуб (Қосшағыл ауылында) бар. Сондай-ақ, «Атамұра» аудандық тарихи өлкетану мұражайы (облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты) аудан халқына тұрақты қызмет көрсетеді.

2018 жылы аудандық мәдениет үйі мен Қосшағыл ауылдық клубы 135 көпшілік мәдени шаралар өткізіп, 193 мың 314 көрермен қамтылды.

Аудан өнерпаздары үстіміздегі жылы 3 халықаралық, 8 республикалық,  8 облыстық фестиваль байқауларға қатысты.

Аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйінде «Күй тербеген- Кең Жылыой», «Жылыой өрнектері», «Мерейлі отбасы» және  «Жерұйығым – Кең Жылыой» атты ауданның 90 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы секілді  мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Аудан бойынша 547 қылмыс тіркелді, оның ішінде 261 ұрлық, 44 жол-көлік оқиғасы. Әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттері үшін бөлімнің жол полициясы, көші-қон полициясы, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар учаскелік полиция инспекторларымен 14520 адамға 125 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 80 млн. теңгесі бюджетке өндірілді.

Қалас ішінде тұрғындар қауіпсіздігі  үшін және қылмыстық іс ірекеттерді болдырмау мақсатында 205 көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына жарық шамдар орнатылды, ал жаяу жүргіншілермен болатын жол көлік оқиғалары орын алмас үшін жаяу жүргіншілер өтетін жолақтың үстіне 56 жарықшамдар мен анимациялық жарық белгілер орнатылып кәзіргі кезде тұрғындар үшін  және жүргізушілер үшін де қолайлы жағдай жасалынды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

2018 жылы барлығы мемлекеттік қызмет көрсетудің 68 түрінен 66 118 (2017 жылы - 67 788) қызмет көрсетілді.  Жергілікті атқарушы органдармен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында ауданға қарасты кент, ауылдық округтер әкімі аппараттарында қызмет алушыларға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 2000-ға жуық ауыл тұрғындарының қатысуымен 84 түсіндірме жұмыстары, қала ішінде халықтың көп шоғырланатын орындарында 9 жәрмеңке өткізіліп, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 4450 тұрғын қысқа мерзімді курстан өтті.

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында сананы жаңа сапаға көтеруді тапсырды.

Осы орайда, аудандағы барлығы 20 орта білім беру мектептері, 1 лицей, 3 колледж базаларында 84 рет дөңгелек үстелдер мен кездесулер өтті.

Жастар күніне орай, кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының және әлем чемпионаттарының жүлдегері Қанат Исламмен аудан жастарының еркін форматтағы кездесуі ұйымдастырылды.

Елбасы мақаласындағы компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу,           мәдени ашықтық сияқты факторлардың қажеттілігін кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында Ақкиізтоғай ауылдық округінің кітапханасында  «коворкинг орталығы» ашылды.

Мақаланың негізгі бағыттарының бірі - жастарға заман талабына сай үш тұғырлы тілді меңгерту. Осы орайда,  «English for Jastar» жобасы аясында  ағылшын тілі курсы басталып, Құлсары қаласынан – 65 және Жаңа Қаратон кентінен – 69  жас қайта даярлаудан өтті.         Аудан мектептерінде жаратылыстану пәнін үш тілде оқытуды енгізу бойынша аудандағы 13 мектепте 20 сынып ашылып, 403 оқушы білім алуда. Оларға  осы мақсатта қайта даярлау курсынан өткен  26 педагог сабақ беріп келеді.

№8 орта мектеп базасында «Ақылды мектеп» жүйесі орнатылып, іске қосылды. Мектептің кітапханасы мен асханасы электрондық  жүйеге қосылып, мектепке 40 бейнебақылау камералары орнатылған. Оқушылардың сабаққа келгені және сабақтан шыққаны жөнінде ата-анасына «смс» хабарлама келеді.  «Ақылды мектеп» пилоттық жобасының басты мақсаты оқушылар қауіпсіздігі.

Елбасы мақаласының негізгі бағыттарының бірі – ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетімізді жаңғырту. Осы бағытта өткен жылдың желтоқсан айында Жылыойдан шыққан әндердің «Ән қайнары – Кең Жылыой»  атты жинағы шығарылды.

 

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

ҚР Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тұлпар мініп, ту алған» атты    Ұлттық     жобасын    қолдау     мақсатында

«Ұлы Жібек жолымен – Ұшқан – Құлсарыдан – Сарайшыққа дейін» экспедициясы  ұйымдастырғалы отыр

Алдағы уақытта Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және Жылыой  ауданы тұрғындарының әлеуметтік-мәселелелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланатын болады.

Дегенмен, өткен жылда жеткен жетістіктерімізбен тоқталып қана қоймай, өңіріміздің одан әрі өркендеуі жолында алдымызда бірқатар мақсат-міндеттер тұр.

Олар:

1. Құлсары қаласына автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет есебінен  қаржы бөлінді. Қала ішілік асфальтты қажет ететін көшелерге асфальт салу жұмыстары биыл да жалғастырылады; 2018 жылы 1 кезеңі (45 шақырым) басталды. (Қала ішілік асфальтты қажет ететін көшелердің жалпы көлемі  107 шақырым.) 

2. Құлсары қаласына көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін қаржы бөлініп, бастапқы бес қатарлы үш үйдің құрылысы басталады;

3. Құлсары қаласы көшелеріне бағдаршам және бейне бақылау камераларын орнату үшін қаржы бөлініп, конкурстық құжаттары рәсімделді. Конкурс жеңімпазы анықталған соң жұмыстар басталады.

4. Құлсары қаласына 11,7 шақырым, Жаңа-Қаратон кентіне 1 шақырым көше жарығын жүргізу үшін қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда. Ал ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жалпы көлемі 68 шақырымды құрайтын  көше жарығын жүргізу жоспарлануда;

5. Құлсары қаласында қала ішілік маршруттардың уақытылы жүруін қамтамасыз ету үшін демеушілік көмекпен қосымша 20 автобус алу қарастырылуда (қызмет «Автостоянка – А» және «Теңізавтокөлік» ЖШС-мен көрсетілуде)

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары