Озық технологиядағы жаңа цех

Атырауда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  ең озық технологияларға негізделген, жаңа цех іске қосылды. Өндіріс орнында мұнай-газ саласына қажетті, қысым өлшеуші жабдықтар құрастырылады. Бірегей қондырғылар қара алтын құбырына орнатылып, ернеулі қысымды бақылауға арналған.

Елімізде мұндай мекеменің әзірге баламасы жоқ. Құрылғылар толықтай цифрландырылған. Смарт қондырғылар жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, орнатылған сәттен бастап сапалы жүйені қалыптастырады. Бастысы, тауар Қазақстанда жасалған. Қысым өлшеуші құрылғыны сатып алу, отандық мұнай-газ компанияларына арзанға түседі. Берік әрі замануи қондырғының мүмкіндігі жоғары. Ғаламторға қосылып, ақпаратты сандық түрде алмастыруға болады. Жаңа цех жылына 4000 мың дана қысым өлшеуші құрылғыны шығаруға қауқарлы. Межені бағындырғаннан кейін, өнімнің 20 пайызы шет мемлекеттерге экспортталмақ.

ҚАЙРАТ АЙЫМБЕКОВ, "KMG Automation" ЖШС техникалық және коммерциялық директоры:

«Біздің өндірістік линия  бұл инновациялық өндіріс. Себебі бұрын Қазақстанда мұндай нәрселерді жинамаған. Мен сенімдімін осы   біздің өніміміз ол Қазақстанда мұнай газ  мекемелерінде емес,  тағы басқа өндірістерде   пайдаланады деп ойлаймын».

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары