МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2017-2018 жылдары Мақат ауданында өткен көшпелі мәжілістерде берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалысы және облыстың білім беру саласының жайы және негізгі проблемалық мәселелері туралы баяндама жасауға рұқсат етіңіздер.

Мақат ауданында өткен көшпелі мәжіліс кезінде білім беру саласы бойынша 2017 жылы 6 тапсырма, 2018 жылы 8 тапсырма, барлығы 14 тапсырма берілген болатын. Оның 10-ы орындалды. Қалған 4 тапсырманың орындалу барысына қысқаша тоқталып өтсем.

  1. Ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде балабақшалар желісін өсіру шараларын алсын

Облыс бойынша бүгінгі күні жұмыс жасап тұрған 325 мектепке дейінгі ұйымның 60-ы жекеменшік нысандағы ұйымдар: 49- балабақша,                        11- шағын орталық. Оның 2-уі Мақат ауданында, тағы 1 балабақша ашу жұмысы жүруде. Атап кету керек, Мақат ауданы аудандар ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жұмысын ерте бастаған аудан. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі бөлігі - Атырау қаласында. Жылыой ауданында 2 жекеменшік балабақша бар, Индер ауданында  1 балабақша. Қалған аудандарда бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр.  

2019 жылғы 15 қаңтардағы №110 санды қызметтік хатпен тапсырманы орындау мерзімі ұзартылды.       

2. Доссор кентіндегі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің ауласынан стадион салу мәселесі бойынша ұсыныс берсін және тиісті жұмыстарды жалғастырсын

Аталған тапсырма бойынша бүгінгі күні жобалаушы мекеме «ПроектСтройИнжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лицензиясының күші жойылғандығы анықталып, жобалаушы мекемемен келісім-шарт бұзылған. Конкурсқа қайта беру құжаттары дайындалуда.

2019 жылғы 15 қаңтардағы №110 санды қызметтік хатпен тапсырманы орындау мерзімі ұзартылды.       

3. Қала және аудандарда қосымша білім беруде туристік орталық ашу, натуралистер картасын жасақтау бойынша шараларды алсын

            Атырау облысында балалар туризімін дамыту мақсатында Құрманғазы ауданында жас туристер станциясы мен Индер ауданының Оқушылар шығармашылығы орталығында туристер үйірмесі жұмыстарын жүргізуде.

Білім беру ұйымдары жанындағы қызығушылығына қарай туристік-өлкетану бағытындағы үйірмелердің санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, 2018-2019 оқу жылы 570 бала қамтуымен 32 үйірме жұмыс жасайды.

            «Өз жеріңді танып, біл» атты жаппай мектеп туризмін жандандыру бойынша 2019 жылы білім беру ұйымдарында «Ұлан-ғайыр елімді мен танығым келеді» жобасы басталды.  

      2019 жылғы 15 қаңтардағы №110 санды қызметтік хатпен тапсырманы орындау мерзімі ұзартылды.  

4. Атырау қаласындағы №1 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жаңа ғимарат салуға енгізсін.

160 орындық жаңа мектеп құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

Ендігі кезекте облыстың білім  беру саласының жайы және негізгі проблемалық мәселелері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Мектепке   дейінгі  тәрбие мен оқыту

            Облыс бойынша 325 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 194-і балабақша, 131-і шағын орталықтар. Оның ішінде 49 жекеменшік балабақша мен 11 жекеменшік шағын орталық жұмыс жасайды.                  Өткен жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар саны 8 бірлікке өскен (2017ж.- 317).

Облыс бойынша 1-6 жас аралығындағы бала саны - 62 696. Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылғаны - 47 237. Қамту - 75,3% (2017ж. -  58,5%).

3-6 жас аралығындағы бала саны - 43 584. Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылғаны - 41 4847 . Қамту - 95,2 % (2017ж. -  93,9%).

Мектепке  дейінгі  білім беру ұйымдарының желісі өскенмен, орын тапшылығы, кезек санының  жоғарылығы сақталып отыр.

 Тығыздық артып отыр. Егер 2017 жылы балабақшалардағы әрбір 100 орынға 92 баладан келсе, 2018 жылы 109 баладан келген.  

2018 жылы 1-6 жас аралығындағы балалар бойынша балабақшадан орын алу кезегіндегі арыздар саны - 14 245. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы - 2 926.

Кезектің көптігін демографиялық және көші-қон  үдерісінің әсерінен, халықтың балаларға ерте жастан білім беруге деген құлшынысынан  және   балабақшасы   жоқ   елді   мекендерде  балабақшалардың ашылуына байланысты себептерден  туындап отыр деп түсіндіруге болады.

Аталған проблеманы мектепке дейінгі ұйымдар желісін жаңа құрылыстар салу,  өзге мақсаттағы ғимараттарды жаңарту, мемлекеттік-жекеменшік  әріптестікті дамыту жолымен шешуге болады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жолымен мектепке дейінгі ұйымдар желісін өсіру Атырау қаласында, Жылыой, Мақат аудандарында жолға қойылған. «Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» негізгі міндеті 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен толық қамту болып табылатындықтан басқа аудандарда да мемлекеттік-жекеменшік  әріптестікті дамыту мәселесіне назар аударуды сұраймын.

2017 жылы 8 балабақша  құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосы  100 орындық;

Атырау қаласы Геолог-2, 165 орындық;

Атырау қаласы, Бірлік селосы 280 орындық;

Жылыой ауданы, Қосшағыл селосы 160 орындық;

Жылыой ауданы,  Тұрғызба селосы 160 орындық;

Жылыой ауданы,  Жаңа Қаратон кенті 280 орындық;

Исатай ауданы,  Х.Ерғалиев селосы 100 орындық;

Құрманғазы ауданы,  Ганюшкино селосы  200 орындық.

2018 жылы 5 балабақша құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді: Жылыой ауданы Құлсары қаласында әрқайсысы 290 орындық болатын 2 балабақша, Махамбет ауданы Алмалы және Талдыколь ауылында әрқайсысы 160 орындық балабақша, Индер ауданы Бөдене ауылында 100 орындық балабақша.

            Сонымен қатар 2019 жылы 13 балабақшаның құрылысы жүргізілуде:

  • Атырау қаласы, Нұрсая шағын ауданында 320 орындық балабақша, Атырау қаласы Еркінқала селосындағы 290 орындық балабақша,  Атырау қаласы Самал мөлтек ауданында 290 орындық балабақша;
  • Жылыой ауданы Құлсары қаласында Береке ықшам ауданында  280 орындық балабақша, Жылыой ауданы Құлсары қаласында Мұрагер 280 орындық балабақша, Жылыой ауданы Майкомген ауылында                   100 орындық балабақша;
  • Индер ауданында Сейфуллин көшесінде 64 орындық балабақша ғимаратын қайта жаңғырту;
  • Исатай ауданы Зинеден ауылындағы 100 орындық балабақша; Исатай ауданы Аққыстау кентінде 290 орындық балабақша;
  • Құрманғазы ауданы Ақкөль ауылында 290 орындық балабақша;
  • Қызылқоға ауданы Сағыз селосында 290 орындық, Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында 100 орындық балабақша;
  • Мақат ауданы Доссор поселкісінде 100 орындық санаторлы типті балабақша.           

Жалпы  орта  білім

            Облыста 194 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 174 орта,  8 негізгі, 12 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 65-і қала мектебі, 129-ы ауыл мектебі. 136-ы қазақ тілінде, 53-і аралас  тілдерде, 5-і  орыс тілінде білім береді.

            Оқушылар контингенті – 123063, өткен жылмен салыстырғанда 6968 балаға өсті. 116644 (94,8%) оқушы қазақ тілінде, 6419 (5,2%) оқушы орыс тілінде білім алады. Бірінші сыныпқа 16457 (14627) бала қабылданды, өткен жылмен салыстырғанда 1830 балаға көп. Облыста               4 жеке меншік мектепте 729 оқушы білім алады.

            Осыған байланысты Атырау қаласы мектептерінде орын тапшылығы өзекті мәселе болып отыр. Қалада 13, Қызылқоға ауданында 1 мектеп үш ауысымды оқу жағдайында.             

            2017 жылы 8 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. (Атырау қаласында 3 мектеп: М.Отаралиев-120 орындық, Нұрсая ы/а-624 орындық екі мектеп; Индер ауданында 4 мектеп:  Аққала ауылында -Аққала-120 орындық,  Құрылыс селосында- М.Мөңкеұлы атындағы о/м-100 орындық, Ынтымақ селосында 120 орындық Гребенщик, Жарсуат селосында 75 орындық саз мектебі; Махамбет ауданындағы                            250 орындық  Береке негізгі мектебі).       Оның ішінде 5 мектеп апатты жағдайдағы мектептерді алмастырды. (Атырау қаласы  М.Отаралиев атындағы о/м-120 орындық, Индер ауданында Аққала ауылында Аққала о/м -120 орындық,  Құрылыс селосында- М.Мөңкеұлы атындағы о/м-100 орындық, Ынтымақ селосында 120 орындық Гребенщик орта мектебі,  Махамбет ауданындағы 250 орындық  Береке негізгі мектебі).   

    2018 жылы 2 мектеп құрылыстары аяқталды (Қызылқоға ауданы Сағыз селосында 424 орындық орта мектеп, Құрманғазы ауданы Приморье селосында 300 орындық орта мектеп).

            2018 жылы облыс бойынша 5 апаттық жағдайдағы мектеп бар.

Атап  айтқанда:

  1. Құрманғазы ауданы Жалғызапан селосындағы Лабай орта мектеп;
  2. Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №5 орта мектеп;
  3. Атырау қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №1 мектеп;
  4. Атырау қаласы Жұмыскер ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп;
  5. Индер ауданы Есбол селосындағы Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп.

Аталған мәселелерді шешу мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

  •  Құрманғазы ауданы Жалғызапан ауылында 80 орындық Лабай мектебінің құрылысы аяқталу үстінде.
  •  Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы 300 орындық №5 орта мектептің құрылысы жүргізілуде.
  •  Атырау қаласы Жұмыскер ауылындағы 300 орындық Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.
  •  Атырау қаласындағы 160 орындық М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда;
  •  Индер ауданындағы 320 орындық Қ.Есқалиев атындағы орта мектебі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.           

            2019 жылы құрылысы жүріп жатырған 13 мектеп (Атырау қаласында 4 мектеп: Дамба ауылынан 300 орындық мектеп, Нұрсая ықшам ауданына 900 орындық орта мектеп, Береке ықшам ауданында 1200 орындық мектептер; Атырау қаласы Ракуша ауылынан 300 орындық мектеп; Исатай ауданында 80 орындық Қызыл үй мектебі, Құрманғазы ауданы 3 мектеп: Жалғызапан селосындағы 80 орындық Лабай мектебі, Қызылоба селосында 80 орындық Нәжімеденов негізгі мектебі, Жасталап селосында 80 орындық Уәлиханов негізгі мектебі; Қызылқоға ауданында Мұқыр ауылында 424 орындық, Қызылқоға ауданы Жантерек ауылынан 60 орындық мектептер; Жылыой ауданы Құлсары қаласында 466 орындық Өнер мектебі; Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 300 орындық №5 мектептер; Махамбет ауданы Еңбекшіл ауылында 80 орындық мектеп).

Облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында:

            - 2016 жылы 1 088,8 млн.теңге бюджеттен бөлініп, мектеп парталары, химия кабинеттері,жаңадан компьютерлер алынып, тақталар жаңартылды;

            - 2017 жылы 1 018,7 млн.теңге бюджеттен бөлініп, жаңа модификациялық мультимедия, информатика кабинеттер, интерактивті тақталармен қосымша компьютерлер, химия кабинеттері, жәй тақталар, парталар сатып алынды;

- 2018 жылы 1 001,1 млн.теңге бюджеттен бөлініп, робототехника, физика кабинеттері, бейнебақылау камералары сатып алынып, орнатылды.

Білім сапасында өткен жылдармен салыстырғанда ілгерілеушілік бар. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңіне 186 оқушы қатысып, олардың 31-і республикалық ғылыми жобалардың республикалық кезеңіне қатысып, 13-і жүлделі орындарды иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 3 кезеңіне 694, республикалық кезеңіне 81 оқушы қатысты, жүлделі орындарға 29 оқушы ие болды.

Халықаралық ғылыми жоба, олимпиадаларға 32 оқушы қатысып, 17-сі жүлделі орындарды иеленіп, ел намысын халықаралық деңгейде қорғады.

            Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары

            2017-2018 оқу жылында облыстағы жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің ҰБТ-ге қатысы 74% (3847 оқушы) болып,  тестлеуге қатысу көрсеткіші соңғы 3 жылда 4%-ға  артты (2016 ж.-70%, 2017 ж.-72%). «Алтын белгіге» үміткер 154 оқушының 154-і (100%), «Үздік аттестатқа» үміткер 95 оқушының 95-і де (100%)  өз білімін дәлелдеді. 2016-2017 - шекті деңгейге жете алмаған 609 (3252) (18,7%),  2017-2018 оқу жылында шекті деңгейге жете алмағандар 711 (3847) (18,4% құраған болатын.

            100-ден жоғары ұпай жинаған 734 оқушының үлесі 19,1%, ал өткен оқу жылында 15,2%. Барлық тест тапсырған оқушылардың (3252)  494-і (15,2).

            Атырау облысы ҰБТ нәтижесі бойынша орташа ұпай 74 балды құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда +2 ұпайға артқан. 

Қосымша білім беру

            Облыс бойынша қосымша білім беру ұйымдарының саны -                45 (2016 ж – 40; 2017 ж – 42). Оқушыларды қамту 23,2 % (2016 ж – 19,8%, 2017 ж. – 22%). 

            Облыс бойынша өсім +0,8 % құраса, бала қамтуда жақсы көрсеткішті Құрманғазы ауданы көрсетті - +11,5 %-ға.

            Ең төменгі қамту - Мақат ауданы  бойынша 12,7%.

  2018 жылы Құрманғазы ауданында балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубы, Қызылқоға ауданында Оқушылар үйі ашылып, қызметін бастады (2016ж.- Құрманғазы ауданында туристер стансасы; 2017ж.- Жылыой және Исатай аудандарында балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубы ашылды).

            Бүгінгі күннің талабы жобалық басқару бастамасындағы «Қосымша білім берумен қамтуды инвестициялар есебінен дамыту» көрсеткішіне сәйкес жеке меншік қосымша білім беру ұйымдарына қатысатын балалар есепке алынады.

Қазіргі кезде Білім берудің Ұлттық деректер базасында 5 жеке меншік қосымша білім беру ұйымы тіркелген. Оған 820 бала қамтылған. Бұл көрсеткіш Атырау қаласының (4) және Жылыой ауданының (1) қосымша біліммен қамту көрсеткішінің өсуіне оң нәтиже беруде. Алайда, жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарын тарту жұмыстары басқа аудандарда қолға алынбай келеді.           

            Бала құқықтарын қорғау

            Облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған               574  бала  (2017жылы - 593 бала) анықталды. Оның 450-і қорғаншылықта және қамқоршылықта, 11-і патронаттық тәрбиеде (2017ж. -16,2016ж. -16), 113-і интернаттық мекемелердің барлық түрінде, оның ішінде 81-і білім беру мекемесінде, 20-сы денсаулық сақтау мекемесінде,                          12-і әлеуметтік қорғау мекемесінде тәрбиеленуде.

            2018 жылдың қорытындысы бойынша жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 96 бала асырап алынды (2017ж. -91, оның ішінде туыстық қатынаста- 81), оның ішінде туыстық қатынаста                      56 баланы асырап алу бойынша ісі тіркелінді.

      Облыстағы қорғаншылық қамқоршылықта, патронаттық тәрбиедегі балалардың мүліктік құқықтары сақталған. Атап айтатын болсақ,                     383 бала тұрғын үйге мұқтаждар есебіне алынса, 67 баланың мүлігі бекітілген қаттауға қойылған.

            Жаңа отбасы үлгісіндегі балалар ауылының құрылысына    2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Бесікті елді мекеніндегі  3 гектар жер телімі бөлініп, 8 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.           

            Ерекше білімді қажет ететін балалар

            2018-2019 оқу жылында 6007(мектеп жасында - 4113 және мектепке дейінгі жаста - 1894), оның ішінде мүгедек балалар саны - 3012 ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар  анықталды. Статистикаға жүгінсек, соңғы 3 жылда мүгедек балалар саны біртіндеп азайып отыр. Егер, 2016 жылы ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 5945, оның ішінде, мүгедек балалар 2952 болса, 2017 жылы                5589 ерекше білім беруді қажет ететін баланың 3012-сі мүгедектік санатында. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 62 адамға, мүгедек балалар саны 60 адамға азайған.

            Жалпы білім беретін 117 мектептің жанында инклюзивті біліммен 824 оқушы қамтылған.

            Облыстық арнайы мектеп-интернатында ерекше балалар үшін «Домбыра», «Қолөнер» үйірмесі ашылды. Мектеп-интернат педагогтары көптеген жетістіктерге жетті, біліктіліктерін жетілдіріп, ресубликалық дәрежеде математика, өнер, музыка пәндерінен бейне-сабақ өткізілді. Ерекше білімді қажет ететін балаларға каникул кезінде «Геолог-Казахстана» пансионатына демалыс ұйымдастырылды. Республикалық «Жұлдызай» фестивалінен өнер, спорт түрінен де республикалық байқаудан жүлделі орындарға ие болды.

            Атырау облысы білім беру басқармасының 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білімді қажет ететін балаларды тьюторлық сүйемелдеу» тақырыбында «Жас қоғам» жастар бірлестігі қоры Республикалық ғылыми-тәжірибелік институтынан лектор шақырып, облысымыздың 150 мұғалім курстан өткізілді. Мақсаты: Жалпы әлеуметтік ортаға кіріктіру үшін жалпы білім беретін мектептердегі мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету. Сонымен қатар, «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен 2018-2019 оқу жылы Атырау қаласында №6 орта мектепте  аутист балаларға инклюзивтік кабинет ашылды. Ерік-эмоциясы бұзылған балаларға тьюторлық сүйемелдеу қажет болғандықтан, 6 педагог-тәрбиеші штаты бөлінді. Сонымен қатар, «Жас қоғам» жастар бірлестігі қорының қолдауымен, Атырау қаласындағы №5 орта мектепте де инклюзивтік кабинет ашу мақсатында керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

            2019 жылы мектеп жасындағы балалар үшін 7 балабақша базасында арнайы топтар ашылып, жұмыс жасайтын болады.

            Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру

            Биылғы 2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін                      182 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оның ішінде: 1-4 сыныптарда оқитын 58046 оқушы 100%; - 5-11 сыныптарда оқитын әлеуметтік аз қамтылған отбасының 7911 баласы 100%. Облыста барлығы 65 957 оқушы тегін  ыстық тамақпен қамтылуда.

            Мектебі жоқ елді мекендерден балаларды тасымалдау

            Облыстағы мектептері жоқ елді мекендер саны - 73, ондағы мектеп жасындағы бала саны - 1 911, оның ішінде мектеп маңындағы интернатта  тұратыны - 178, туыстарының үйінде тұратыны - 56, күнделікті мектепке өздігінен баратын бала саны  - 10, қалған 1 667 бала 31 автокөлікпен  күнделікті тасымалдануда.

            Өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын алу

            Облыстың білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстарды атқарды. Әсіресе, суицидке ұмтылған жасөспірімдер ерекше назарға алынып, өмірге көзқарастарын дұрыс бағытқа бұру мақсатындағы психокоррекциялық жұмыстар жүйелі жүрді.

            2017   жылдың    маусым   айынан   бастап  облыс әкімшілігінің қолдауымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен  Ішкі істер министрлігінің біріккен бұйрығы негізінде, «Bilim Foundation» (Білім) қоғамдық қорымен облыс аймағындағы мектеп пен колледждерде «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастару және суицидтің алдын алу» жобасы жүргізілуде.

            2016   жылы  5  «аяқталған»,6 «ұмтылу» фактілері болса,                       2017 жылы 4 аяқталған, 3 ұмтылу фактілері орын алды. 2018 жылы 5 аяқталған ( Жылыой-5)  6 ұмтылу  (Атырау-4, Жылыой-2) фактісі болды.

            Қазіргі таңда, Жылыой ауданында суицид, оған ұмтылу фактілерінің көп орын алуы толғандыруда.

            Бағдарлама бойынша 2017-2018 жылдары 27815 мектеп және колледж қызметкерлері, психологтар курстан өтті, 26 600 дана консультациялық үнпарақтар, 8-11 сынып оқушылары мен колледждің 1 курс студенттеріне 55 412 дана көмек беретін кітапшалар (брошюра) таратылды.

            «Жылыой  ауданы бойынша жасөспірімдер арасындағы суицид фактісін төмендету және алдын алу туралы» бекітілген жоспары бойынша 24-25 қараша күні 13 орта білім беретін мектептерде қазан айындағы жиналыста баласын сауалнамадан өткізуге рұқсат бермеген 296 ата-аналармен (4090 оқушыға қатысты) жиналыстар өткізілді.

            Нәтижесінде, 226 ата-ана балаларына рұқсат беріп, 4044 оқушы сауалнамадан өтті, оның 203 «қауіп тобына» енді (45-і «жоғарғы қауіп тобында)

            Қазіргі уақытта Жылыой ауданы бойынша «қауіп тобына» анықталған жасөспірімнің 76-ы жалпы тәжірибелі дәрігері мен психиатр мамандарына жолданып, оның 56- сы тексеруден өткізіліп қажетті емдерін алуда. Ал, 71 бала құрылымдық сұхбат нәтижесінде «қауіп тобынан» шығарылды.

              Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын қоғау комитетінің қолдауымен республикалық «Право» қоғамдық қорының «Шанс» (өңірлік филиал) кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау көрсету орталығы ашылып, бірлескен жұмыстарын Жылыой ауданынан  бастады.

Білім беру ұйымдарындағы Діни ахуал, оның алдын алу

Мемлекеттігіміздің негізгі ұстанымы зайырлылық талаптарын бұзып, мектеп оқушысының киімі үлгісін сақтамайтын оқушылар жайына тоқталсақ,  2016 жылы дінге бейім оқушылар саны 315 болса, 2017 жылы 445 оқушы, ал, 2018-2019 оқу жылында 20 оқушы мектеп формасын сақтамай, сабаққа келмеді.

 Бұл мәселе, 2018 жылдың 11 қыркүйегі күні облыс әкімдігі деңгейінде қаралып, хаттама шешімімен берілген  тапсырмалар  бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. 

Қазіргі таңда, мектеп   формасын  сақтамай мектепке сабаққа келмей жүрген оқушылар жоқ.

Бұл, мемлекеттік органдардың бірлесіп  жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесі деп білеміз.

Сонымен қатар, экстремистік діни идеология ықпалында болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді дерадикализациялау, оңалту және осы бағыттағы  кейбір проблемаларды  шешу мақсатында жұмыс тобы құрылып, бірқатар ведомствоаралық бірлескен жұмыстар атқарылып келеді.

Қазіргі таңда,  облыста   қақтығыс   аймақтарынан   келген  5  жанұяның 16 кәмелетке толмаған балалары тіркелген. Оның ішінде, 9-ы мектеп жасына дейінгі, 7-уі мектеп жасындағы балалар, олар түгелдей оқумен қамтылған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабына сай, мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді, азаматтардың орта білім алуы міндетті.  

«Білім туралы»  Қазақстан   Республикасы  Заңының   (бұдан  әрі -  Заң) 47-бабының 14-тармағына сәйкес, білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, дағдылар мен біліктілікті меңгеруі тиіс.

Мектепке бармай-ақ, қашықтықтан оқыту нысанында білім алу мүмкіндігі тек ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі   бар  балалар  үшін  ғана  қаралған  (Заңның 27-бабы).

Алайда,   Атырау қаласындағы  №16  мектептің 4   оқушысы, №10 мектептің 2 оқушысы, №12 мектептің 1 оқушысы мен Бесікті мектебінің 1 оқушысы және   Мақат ауданындағы   С.Шарипов   атындағы     мектеп интернаттың 1 оқушысы Ресей Федерациясының Дзержинск қаласындағы Н.И.Лобачевский атындағы  және Москва қаласындағы «Первая школа» жалпы білім беретін жекеменшік мектептерінне ауысып, қашықтықтан оқуларын жалғастыруда. Яғни, бұл оқушылардың ата-аналары қашықтықтан оқытуға қатысты заңнама талабын өз қалауымен түсініп, балаларын мектепке жібермей, алыстан оқыту қызметін көрсететін шетелдік (жекеменшік) оқу орындарына ауыстырып, оқытуда.

Бұл жағдайға қашықтықтан оқуға рұқсат беріліп, оқушылардың мектептен шығарылуы мектеп басшыларының тарапынан жіберілген кемшілік.

 Осыған орай, Ресей Федерациясының оқу орындарында оқып жүрген балалардың ата-аналарына заң шеңберінде шара қолданып, балалардың мектепке қайтарылуына араласу мүмкіндіктерін қарау жөнінде облыстық прокуратураға, облыстық полиция департаментіне өтініш хаттар жолданды. 

Сонымен бірге, облыс әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі №78 «Атырау облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал обьектілердің тізімін бекіту туралы» қаулысымен 296 білім беру ұйымдары осал обьектілердің қатарына енді. Соның ішінде, тізімге енген мектептер мен балабақшалар терроризмге қарсы қорғалу талаптарына сай бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Балалар  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 194 мектептер  1939 сыртқы,  3605 ішкі  және  145 балабақшалар 879 сыртқы,  2076 ішкі бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Атырау қаласы, Жылыой, Махамбет  аудандары мектептері мен колледждерде 106 турникет орнатылған, қалған кейбір облыстық мектептер мен колледждерде және аудандарда орнату жоспарлануда.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз ету мақсатында 2019-2020 жылдарға жергілікті бюджеттен қаржы қарау жоспарлануда.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі бойынша

Облыс бойынша 25 кәсіптік-техникалық оқу орны жұмыс жасайды. Оның 17-і мемлекеттік, 8-і жекеменшік. Колледждердегі жалпы   студенттер саны -  15696.

Кадрларды даярлау 74 мамандық 145 біліктілік бойынша жүргізілуде. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 8505 адам (54,1%) оқиды, оның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша 4030 адам, орта буын мамандықтары бойынша 4475 адам.

Облыс бойынша 15 кәсіптік оқу орнында 21 мамандық бойынша  дуальдық оқыту  жүйесі енгізілді.  70 кәсіпорынмен 100 келісімшарт (екіжақты, үшжақты) жасалды.

2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей  тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасының жүзеге асырылуына  байланысты  10  оқу  орынында жұмысшы мамандықтары бойынша республикалық бюджеттен тегін кәсіптік оқыту ұйымдастырылып келеді. Қазіргі кезде аталған жоба бойынша 500 студент білім алуда.

Жекеменшік нысандағы 3 оқу орнына 235 студентке мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды:

Бизнес және құқық колледжіне мектепке дейінгі және ЭВМ мамандықтары бойынша -110;

Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжіне мұнай істері, ЭВМ және мектепке дейінгі тәрбие мамандықтары бойынша – 100;

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжіне мектепке дейінгі тәрбие және бағдарламашы мамандықтары бойынша -25.

 Жұмысшы мамандықтары бойынша тегін кәсіптік оқытумен                    9,11 сыныптың түлектері, бұрын мектеп бітіріп оқу орындарына  түспеген жастар, жұмыссыз жастар қамтылды. Оларға оқу тегін, бір рет тамақтану, жеңілдіктермен жол жүру және шәкіртақы төленеді.

Кәсіптік техникалық білім беру саласы бойынша облыстағы проблемалық мәселелер

- Облыс бойынша 4 мемлекеттік кәсіптік техникалық оқу орны бейімделген ғимаратта орналасқан. (Атырау сервис, медициналық, гуманитаралық, агротехникалық колледждер; Атырау сервис,  Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық  колледжі және Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академаиясында спорт залы, С.Мұқашев атындағы политехникалық, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық, Медициналық колледждерде асхана қарастырылмаған)

- Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 2400 орындық ғимараты және 200 орындық жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасының жасалуы тоқтатылды. Оған себеп, жер телімінің анықталмауы.

- 3 колледждің жанынан (С.Мұқашев атындағы полтехникалық колледж, Атырау көлік және коммуникация колледжі, Атырау индустриалды колледжі) 350 орындық 3 жатақхана құрылысын салу жоспарлануда. Бүгінгі күні аталған құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

- Исатай ауданы Аққыстау ауылында 100 орындық жатақханасымен               320 орындық колледж құрылысы жүргізілуде.

- Сондай-ақ, Теңіәзшевройл ЖСШ демеушілігімен Атырау энергетика және құрылыс колледжіне 100 орындық жатақхана құрылысы басталды.

Облыс мектептерінде үштілділікті оқыту барысы туралы

        Атырау облысы бойынша 135 мектептің 434 сыныбында «Физика», «Химия», «Биология» және  «Информатика»  пәндерін  ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізілді.

         2016-2018 жыл аралығында «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша 496  мұғалім біліктілікті арттыру тілдік курстардан өтті, олардың  ішінде  347  мұғалім өндірістен қол үзіп, 149 мұғалім қол үзбей оқыды. Курстан өткен 496 мұғалімнің 120-сы (24,2) ағылшын тілін              А2 деңгейінде, 376 мұғалім В1, В2, С1  деңгейлерінде меңгерді.

                       Білім саласын цифрландыру

            Облыста білім беруді цифрландыруды жүзеге асыру үшін Жол картасы жасақталып, жұмыстар атқарылуда.

            Атырау облысында 194 мектептің 192-і интернет желісіне,                             188-і (96,9%) кең жолақты интернет желісіне қосылған. Облыстың қалған 4 мектебіне (Қызылқоға ауданы – Кенбай бастауыш мектебі, №75 Жантерек бастауыш мектебі, Тасқұдық бастауыш мектебі, Құрманғазы ауданы- Панфилов атындағы орта мектеп) секундына 4 Мб және одан жоғары жылдамдыққа арттыру жұмыстары жүргізілуде.

            Бүгінгі күні облыстағы 194 балабақшаның 170-сі (87,6%) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру жүйесін автоматтандыру» жүйесіне қосылды.

            Облыста «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру және 1 сыныпқа қабылдау процесін автоматтандыру» жүйесіне 194  мектептің 184-і (94,8%) қосылды.  

     Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандарды даярлайтын заман ағымына сай цифрлы технологияларды енгізу қарқынды жүргізілуде. Облыс бойынша 25 колледждің 23-і кең жолақты интернет желісіне қосылған. Студенттерді оқу орнына қабылдауға, ата-ана бақылауын жүйелі жолға қоюға, студенттер мен мұғалім қызметіне мониторинг жүрізуге мүмкіндік беретін «Platonus College»  автоматтандырылған электронды жүйеге 11 техникалық кәсіптік білім беру ұйымы қосылды.            

            «Күнделік» электронды журналдар ақпараттық жүйесіне 182 мектеп қосылған (92,0%), оның  62-і қалалық, 120-ы ауылдық мектептер. Оқушылар мен ата-аналар оқушы үлгерімі мен үй тапсырмасымен онлайн түрде таныса алады. Оқушылардың сабаққа қатысын, үлгерімін ата-аналар тарапынан электронды бақылануы жөнінен облыста алға басушылық бар. Қазіргі уақытта жүйеде 12 856 педагог, 110 989 оқушы, 75 088 ата-ана тіркелген. Жүйеде ата аналарға және оқушыларға арналған мобильдік қосымшалар жүмыс жасайды.

            Облыстың 191 мектебі (99,5%) «Білім лэнд» инновациялық білім беру онлайн ресурсына қосылған (83,5% онлайн,16,5 % офлайн қосылған). «Білім лэнд» инновациялық білім беру онлайн ресурсы  арқылы 9669 рет мұғалімдер интерактивті сабақтарды қолданған.

            Цифрлы білім ресурстарын қолдану нәтижесінде ауыл мектептері мен қала мектептері оқушыларының  білім сапасы алшақтығын азайтуға мүмкіндік болды және мұғалімдердің әдістемелік даярлығы  жетілдіруге бағытталған қашықтықтан  өтетін курстарды ұйымдастыру арқылы бюджет қаражаты үнемделеді.

            Ағымдағы жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде  IT орталық және Атырау қаласы мен аудандар орталықтарында  700  оқушыны қамтыған    10 IT сыныптары ашылып, жұмыс жасауда.

            Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында  2019 жылы                           46 ІТ-сыныптарын ашу жоспарланған. Бүгінгі күні дайындық жұмыстары жүргізілуде.

            Облыстағы білім беру жүйесінің жайы және негізгі проблемаларға тоқтала отырып облыс педагогтары білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытындағы жұмысын одан әрі жетілдіреді деп сендіргім келеді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары