Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігінің айлығы

6 ақпан  күні  Бородулиха ауданының Белағаш ауылдық округінің аз қамтылған және көп балалы отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру жүргізілді

Өрттің кез келген жерде пайда болуы мүмкін екендігі баршаға мәлім. Өрт өндірістік кәсіпорындарда, базарларда, қоймаларда, әкімшілік және өндірістік ғимараттарда, көлікте, ормандарда және ауыл шаруашылығы жерлерінде болады. Алайда, өрттің көбі (60-85%) бұрынғысынша тұрмыстық өрттер деп аталатын тұрғын секторда болады. Өрт кезінде қаза болғандар және жарақаттанушылар саны да тұрғын секторда көбірек. Тұрмыстық өрттердің негізгі себептері отқа абайсыз қарау, сөндірілмеген қараусыз қалған оттар, сөндірілмеген күлді қауіпті орындарға шығару, электр сымдарының немесе электр техникалық қондырғылардың ақаулы жағдайы, жылыту пештерінің немесе өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзумен пештерді жағудың бұзылған жағдайы болып табылады. Көбінесе тұрғындар қандай әрекеттер немесе керісінше әрекетсіздік өртке әкеп соқтыратынын білмейді не болжамайды да.

Ағымдағы жылдың 6 ақпан  күні  Бородулиха ауданының Белағаш ауылдық округінің аз қамтылған және көп балалы отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру жүргізілді. Осындай жұмысты Белағаш ауылдық округінің әкімі Дюсенғали Айтқалиұлымен Бородулиха ауданының төтенше жағдай бөлімінің аға инженер Ержан Адилбаев, Белағаш ауылдық округінің бас маманы Марина Васильевна  өкілдерімен бірлесіп ауылдық округінің аз қамтылған және көп балалы отбасылардың  тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғын секторда профилактикалық кездесулер өтті. Үй иелеріне үйлерді және жеке қоныстарда өртке қауіпсіз жағдайда ұстау, шөпті дұрыс үю, пештерді және түтін мұржаларын тексеру бойынша ұсыныстар беріледі, көбінесе өрт көзі болып табылатын жанғыш қоқыстан аумақты тазалауға басты назар бөлінеді. Барлық тұрғындарға тұрғын секторға арналған өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар беріледі. Атқарылып жатқан жұмыстың мақсаты азаматтардың өрт қауіп-қатер төндіретінін түсіну және өзінің тұрғылықты үйіне, өзінің мүлкіне, ең бастысы өзінің және отбасы мүшелерінің өмірлері мен денсаулығының өрт қауіпсіздігіне жауапты қарауы болып табылады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары