Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің 3 жылда атқарған жұмысы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиал директорының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бағыты бойынша орынбасары Хайрат Нұрмұханұлы Ауданов 3 жылда (2016-2018 жылдары) атқарылған жұмыстары бойынша баяндама жасады.

 

 

Елбасы жариялаған Бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында әлуметтік қорғау, жер қатынастары, мүлікті рәсімдеу саласында қызмет көрсететін басты РМК–ды біріктіру арқылы 2016 жылдың 11сәуірінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою үшін мемлекеттік қызметті «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсету үшін құрылған құрал. Бүгінгі таңда бір мемлекеттік корпорацияға біріккен ЖерҒӨО мен ЖМО фронт–офистері де осы талаптарға сай жұмыс істеуде. 2016 жылдың сәуір айынан бастап тамыз айыны дейін «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» және «Жылжымайтын мүлік орталығы» департаменттері болып жұмыс атқарылды. 2016 жылды 8 тамызынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының бизнес-үрдістерді оңтайландыру саясатына сай аталған екі департамент біріктіріліп акционерлік қоғамның Атырау облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті болып жұмыс атқарудамыз. Облыстың 7 ауданында департаменттің бөлімдері орналасқан.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152 бабының 3 тармағына сай департамент қызметі мемлекеттік монополияға жататын мемлекеттік жер кадастырын жүргізу болып табылады және ол мынадай қызмет түрлерінен тұрады:

  1.       жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
  2. жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды;
  3. мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің  меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы катынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
  4. мыналарды: жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды;   елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық   мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып,  олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды;  жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерінің есебін; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл  шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы  өндiрiсiндегi ысырапты анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік  кадастрлық бағалауды;
  5. жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық түрде жинақтауды, өңдеуді және жүргізуді;
  6. мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүргізуді;
  7.     жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды   дайындауды және жүргізуді;
  8. жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін  жүргізуді;
  9. жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауды және беруді;
  10. жер-кадастрлық жоспар әзірлеуді;
  11. жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;
  12. жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.                                                                                                                                                                               Сонымен қатар мемлекеттік жер кадастырын жүргізуге технологиялық байланысты қызметтерді атқарады. Атап айтқанда, жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскелерін ұсынған кезде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу, мемлекет меншігіндегі ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу.                                                                                                                                                                                                                   Департамент жер қатынастары, геодезия, картография және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына сай мемлекеттік қызметтің 16 түрінен қызмет көрсетуде. Осы жылдары мемлекеттік қызмет көрсетуде орындалу мерзімінен кешіктіру фактілері орын алған жоқ. Барлық қабылданатын құжаттар ХҚКО арқылы қабылдануда.                                                                                                                                                                        «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылғаннан бері департамент бойынша 87942 мемлекеттік қызмет көрсетілді.                                               Атап айтқанда:                                                                                                                                                                                                                                                  - Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру - 44003                                                                                                                                                                                - Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау - 1823                                                                                                                                                                         - Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру -  27244                                                                                                                                        «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстарына сай жер қатынастары саласындағы 2 мемлекеттік қызметті көрсету процесін жеңілдетудің пилоттық жобасын іске қосуды жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылды. Олар жер учаскесінің кадастрлық құны анынықтау және жерге орналастыру жобаларын жергілікті атқарушы органдарда бекіту жүзеге асырылды. Бүгінгі күні пилоттық жоба жұмыс тәртібіне ауыстырылып, бір қалыпты жұмыс жасауда және бір өзгешелікке тоқтала кетейін, ол – жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Әділет министрлігі көрсететін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтті.    Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функциясы мемлекеттік корпорацияға берілгеннен бері, қызметтердің көрсетілу мерзімін және тіркеу барысындағы шығынды қысқартып, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға жол ашты. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік берді.

       Бұрын азамат жеке баспана салатын кезде мемлекеттік корпорация арқылы пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне                   сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады.

      Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚО арқылы бір өтінішпен ұсынылатын болды.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары