ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ

Кездесу басында тұрғындар назарына аудан жетістігі туарлы «Өңірдің дамуы – елдің дамуы» атты қысқа метражды фильм ұсынылды. 

 

2018 жылдың 8 ақпанында аудандық мәдениет үйінде Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпанның халыққа есеп беру кездесуі өткізілді. Жыл нәтижесі сарапталған қорытынды есеп беру жиынына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев қатысты. 
Биылғы кездесу жаңа форматта, коммуникативтік әдістер кеңінен қолданылып ұйымдастырылды. Кедесуге келген қонақтар алдымен «Кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттің басты бағыты» көрмесін тамашалады. Мұнда аудан кәсіпкерлерінің өнімдері, өнеркәсіп саласының жетістіктері халық назарына ұсынылды. 
Кездесу басында тұрғындар назарына аудан жетістігі туарлы «Өңірдің дамуы – елдің дамуы» атты қысқа метражды фильм ұсынылды. 
Есеп беру кездесуінде алғаш сөз алған аудан басшысы Елбасының жаңа Жолдауының астарында егеменді еліміздің әлеуметтік–экономикалық жағынан әрі қарай дамуының, әр адамның тұрмыстық жағдайын жақсартуға негізделген бағыт-бағдарлары айқындалғанын тілге тиек етті. 
2018 жыл, аудан үшін нәтижелі жетістіктерге, маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Экономиканың барлық саласында жақсы көрсеткіштерге қол жетті, дегенмен шешімін күтіп тұрған біраз мәселе бар, оларды орындау – басты міндет болып белгіленді. 
Мұрат Балпан өз баяндамасында өңір дамуының басым бағыттарына кеңірек тоқталды. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп көшелер жарықтандырылуда. 
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 27,3 миллиард теңгені құрап, 600 мың тоннадан астам астық жиналды. Өткен жылы ауданның егістік алқаптарының көлемі – 22 мың гектарға ұлғайып, 635 мың гектарға жетті. Астығымыз халықаралық сұранысқа ие, былтыр 12 елге жарқайыңдық 233 мың тонна астық экспортталды. Ауданымызда Ақмола облысы жер қорының 8,2 пайыз шоғырланған, жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуы аудандық комиссияның жіті назарынан тыс қалмайды. 
Егін шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында ілгерілеушілік байқалады. Ірі қара саны есептік жылда 21 пайызға өсіп, 12300 басты құрады. Саланы дамуына жарқын леп берген Тасөткел ауылында ашылған сүт тауарлары фермасын атап айтуға болады. 50 аналық басқа арналған фермада бір тоннаға жуық сүт өңделіп, 5 түрлі тауар айналымға шығарылады. 
Коммуналдық салада биылғы жылы Державин қаласында екі жылыту қазандығы салынды, осы істің нәтижесінде 12 көп қабатты үй, әлеуметтік нысандар, православ шіркеуі, сауда үйлеріі орталықтандырылған жылу беру жүйесімен қамтылды. 
Костычево ауылында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Мәдениет үйі қалпына келтірілді. 
Ауданымызда 75 шақырым жолдар жөнделді, қалада ауыз су тазалайтын станция іске қосылды, жаңа элеватор бой көтеріп, тың қаһармандары аллеясы пайда болды. Биыл Гастелло және Костычево ауылдарында модульдік су тазалау станциялары іске қослады. Сонымен қатар, Бірсуат ауылында сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталмақ. 
Баяндама соңында Мұрат Балпан: «Осылайша, барлық жұмыстарды, халықтың қолдауы арқасында, жеті қазынаның бірі саналатын, ит жылын жақсы жетістіктермен аяқтадық. Биылғы жылы, бірнеше жобаларды іске асыруды, жоспарлап отырмыз. Олардың барлығын, Сіздердің көмектеріңізбен, абыроймен жүзеге асырамыз деп сенемін. Осы баяндамада айтылған, басты міндеттерді орындау жолында, баршаңызға сәттілік тілеймін. Халқымыз, «Қолда барда, алтынның қадірі жоқ дейді». Қымбатты жерлестер! Барымызды бағалай білейік. Ең басты байлығымыз – ол бірлік. Сондықтан, ынтымақ пен ырысымыз арта берсін. Егініміз көп болсын, қамба астыққа толсын», - деп тілегін білдірді. 
Баяндама аяқталған соң аудан басшысы жеке блогына келіп түскен бейне сұрақтарға жауап берді. 
Кездесуде сөз алған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жылға жоспарланған игі істерді жүзеге асыру жолында сәттілік тіледі

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары