Қыстың қарбаласы көп

Биылғы қыстың қарбалас-тірлігі көп болды

Бұл кезеңде әсіресе аудандық жол қызметінің жұмысы бастан асып кетті. Қалың жауған қардан ауданның елді мекендерінің түгелдей дерлігі  қар астында қалды.

    Сондықтан жұмысына, оқуына кешігіп қалған  адамдар бұған аудан басшыларын, ауылдық округ әкімдерін кінәлап, арыз-шағымдарын жаудырды. Оның үстіне электр жарығы да сәт сайын үзіліп, автобус маршруттары да кідіріп қалды. Бұл ретте әсіресе қосшылықтардың белсенділік танытқандығын айта кету керек. Әлеуметтік желілер арқылы олар апатты хабарламаларды, фотокөріністерді жиі жүктеп  жатты.

    Алайда, шындығын айту керек, ауданның жол қатынасы қызметі, әкімдіктің жауапты тұлғалары бұл кезде екі ауысыммен жұмыс істеді десек болады. Осының нәтижесінде кездейсоқ қар құрсауында қалған адамдардың көпшілігі апаттан дер кезінде құтқарылды.  Қыс мезгілінің ауа райының қытымырлығына қарамастан, «Қосшы-Қуат» автошаруашылығының жұмысшылары ауыл  көшелері мен облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды қардан дер кезінде тазартып отырды.

     Ауылдық округ әкімі Жанат Дүйсекеев жол қызметі жұмысшыларының істеріне дән риза. Аудан орталығын қардан тазарту үшін 2 КамАЗ автомашинасы мен «МТЗ», автогрейдер, басқа да арнайы техникалар   (суретте)  бөлінген. Бүгінге дейін Ақмол ауылының аумағынан 2000 текше метрге жуық қар шығарылды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары