Әдеп және мемлекеттік қызметші

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мен Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілген.

Әдеп кодексі жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарты мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жауапкершілігін арттыра отырып, жаңа сапалы деңгейге көтерілуде. Әдеп кодексі қағидаларын сақтаудың тиімді механизмдерінің бірі – мемлекеттік қызметшілер мен басқа азаматтар кез-келген сұрақтары бойынша өтініш білдіре алатын «әдеп жөнiндегi уәкiл» лауазымы болып табылады.

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексінің бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.

Шортанды ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі өз қызметінде Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ережені, сондай-ақ өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Шортанды ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі туралы мәліметтер Шортанды ауданы әкімі аппаратының веб-сайтында тегі, аты және әкесінің аты, телефон номері мен азаматтарды қабылдау кестесімен қоса орналастырылған.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

мемлекеттік қызметшілерге ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

басшылықтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштерін қарайды;

өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі және мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға бағытталған шараларды қабылдайды;

мемлекеттік қызметшілер ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді.

Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға; адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға міндетті.

Әдеп кодексі қызмет уақыт мен қызметтен тыс қатынаста мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандартын белгілейді.

Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері Әдеп кодесімен таныстырылған, кодекс мәтіні ауданның мемлекеттік органдарындағы барлық ғимараттардың жалпыға ортақ орындарда орналастырылған.

Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен таныстырылады.

Шортанды ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі ақпараттық технологиялар бөлімімен бірге тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына қоғам тарапынан сын тудыруы мүмкін, беделін түсіретін және әдепке жат фотосуреттерді, жазбалар мен буклеттердің орналастыруына мониторинг жүргізеді.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттары халықтың мемлекетке сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидаларын бұзу жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Шортанды ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді күн сайын жұмыс уақыты ішінде сағат 9.00-ден 18.00 дейін аудандық әкімдік ғимараты мекен-жайы бойынша Шортанды кенті, Абылай хан көшесі 20, 19-кабинет, телефоны 871631-2-18-31 қабылдайды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары