ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІ

     Жылу қазандықтарында орын алатын апаттар судың жеткілікті мөлшерде жұмсармауынан  немесе оның ластануынан болады. Су мөлшерін талапқа сай ұстап тұру – қазандықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

     Ақпан айының алғашқы аптасында Қосшыда орталық қазандығының жылу жүйесінде пайда болған ақауға байланысты төтенше жағдай орын алды.

    Целиноград ауданының ТЖБ штабының қызметкерлері аудан әкімі М.С.Тәткеевтің жетекшілігімен шұғыл қимылдап, ірі аймақтың барлық тұрғындарын, мектеп пен ведомстволық мекемелерді сарышұнақ аяздың құрсауынан дер кезінде құтқарып қалды.

     Соған орай, осы апта басында Малғаждар Сәттарұлы аудан мекемелері қызметкерлері бас қосқан алқалы жиында аталмыш округтегі «АСИ» ЖШС ұжымының жедел қызмет бөлімінің басшысы Шоқан Саматұлы Ыбыраевқа шынайы алғысын айтып, ақшалай сыйлық табыс етті (суретте).

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары