Жаңа жүйе түсіндірілді

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» бір бағыты – «Аурулардың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу» болып есептелетін қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертудің негізін қалау. Бұл жоспардағы 80-қадам – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу». Әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру – халықтың өзінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, көптеген ауруларды алдын ала анықтау, сонымен қатар денсаулықты жоғары бағалау үшін енгізіліп жатқан жүйе.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» бір бағыты – «Аурулардың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу» болып есептелетін қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертудің негізін қалау. Бұл жоспардағы 80-қадам – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу». Әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру – халықтың өзінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, көптеген ауруларды алдын ала анықтау, сонымен қатар денсаулықты жоғары бағалау үшін енгізіліп жатқан жүйе.
Осы орайда дүйсенбі күні аудан әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес арнайы құрылған жұмыс тобы ауданға қарасты ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тарқата түсіндіруде. Атап айтқанда, жұмыс тобының мүшелері – аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Кезенбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік емес АҚ Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ерболат Амалов аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен жүздесіп, денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйе жайында кеңінен баяндады. Кездесуді Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов ашып, көпшілікті жұмыс тобының мүшелерімен таныстырды. Өз кезегінде сала мамандары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру турасында әңгіме өрбітті.
– Медициналық сақтандыру – денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың бір түрі. Медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар – міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты – міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат азаматтардың тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Зейнеткерлерге, еңбек жасына толмаған азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет тегін көрсетіледі. Бұл – еліміздегі міндетті медициналық сақтандырудың ерекшелігі мен артықшылығы. Ол кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да сонда. Медициналық сақтандыру, ең алдымен, адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүмкіндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Осы орайда көбірек пайда табуға тырысқан медицина қызметкерлерінің емделушілерге барынша сапалы қызмет көрсету көрсеткіші жоғарылайды. Өйткені емделушілер қай дәрігерге баратынын өздері шешеді, – деген топ мүшелері тұрғындар тарапынан туындаған көкейкесті сауалдарға жан-жақты жауаптар қайтарды.
Соңынан Ерболат Лесбекұлы әлеуметтік көмек түрлері, зейнетақы жүйесі жайында сөз қозғап, мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндірді.
Айта кетейік, жұмыс тобы мүшелерінің кестеге сәйкес тұрғындармен кездесулері апта аралығында ауданның барлық ауылдық округтерінде жалғасады.

Новости в Вашем регионе