Мал және автокөлік базарлары жабылды

Бүгінде ел аумағында коронавирус инфекциясы таралып жатқаны белгілі. Халық төтенше жағдай режимінде өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты сақтық шаралары күшейтілген. Мемлекеттік шекара жабылып, ірі сауда нысандарының жұмысына шектеу қойылған. Осыған орай біздің ауданда арнайы құрылған шұғыл топ жағдайды бақылап отыр. Ондағы мақсат – аудан тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.

Өткен аптада коронавирус инфекциясының алдын алу, таралуын болдырмау мақсатында санитарлық талаптарға сәйкес аудан аумағында орналасқан мал және автокөлік базарларының жұмысы уақытша тоқтатылды. Осы жағдайға байланысты аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Асылбек Қонаров, учаскелік полиция инспекторларымен бірге мал және автокөлік базарларына арнайы барып, жауапты тұлғалармен жолықты. Олармен ашық әңгімелесіп, мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндірді.
– Қазір елімізде коронавирус індеті белең алуда. Осындай ауыр кезеңде біз өз тарапымыздан шұғыл топ құрып, аудан тұрғындарына нақты жағдайды түсіндіріп жатырмыз. Сақтық шаралары – бірінші орында. Халық көп шоғырланатын жерлерге, ірі сауда нысандары мен ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеу қойылып, жұмыс уақытша тоқтатылып, нысандар жабылып жатыр. Бұған түсіністікпен қарасаңыздар, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Новости в Вашем регионе