Жерлестер жүлдемен оралды

Жуырда Тараз қаласында кикбоксингтен 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. 

Жуырда Тараз қаласында кикбоксингтен 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған додаға Тараз қаласы мен аудандардан 90 спортшы қатысып, өз салмақ дәрежесінде кім мықтыны анықтады.
Байрақты бәсекеде Түрксіб ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жоғары жетістікке қол жеткізді. Атап айтсақ, Нұрсұлтан Қалиев (63 келі) пен Альфия Бекмурзаева (44 келі) екінші орынға,  Жасұлан Батырбаев (60 келі) пен Тауіржан Батырбаев (48 келі) үшінші орынды иеленді. 

Новости в Вашем регионе