Тартысты өтті

Жуырда Еңбек орта мектебінде қазақ күресінен Ауған соғы­сында қаза болған жерлес­терімізді еске алуға арналған аудандық турнир болып өтті. Оған 70-ке жуық жасөспірім қатысып, 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Жуырда Еңбек орта мектебінде қазақ күресінен Ауған соғы­сында қаза болған жерлес­терімізді еске алуға арналған аудандық турнир болып өтті. Оған 70-ке жуық жасөспірім қатысып, 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Бозкілем үстінде балуандар барын салып, бапкерлер сенімін ақтауға тырысты.
Айтулы жарыстың ашылуында сөз сөйлеген Аса балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Самат Өмірәлиев, спорт ардагері  Бектемір Мәделбаев спортшыларға сәттілік тіледі.
Әдеттегідей сайыс шымылдығын жеңіл салмақтағы палуандар ашты. Тартысқа толы турнир кешке дейін жалғасты.
Нәтижесінде, Нұржас Балтабай (23 келі), Ерасыл Жаңабай (26 келі), Айдос Шәудірхан (29 келі), Нұрдәулет Сұлтан (32 келі), Досымжан Тұраш (35 келі), Елжас Рәт (38 келі), Шерхан Болатжан (42 келі), Ердос Өмірзақ (46 келі), Диас Самат (50 келі) өз салмақ дәрежелерінде топ жарып, алтыннан алқа тағынды.
Соңынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен және медальдармен марапатталды.

Новости в Вашем регионе