Қоржында – 3 алтын, 4 қола

Жуырда Шу қаласында 2003-2004, 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан Ұлы Отан соғысының ардагері Ақжарқын Көшербайды еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті. Турнирге облысқа қарасты барлық ауданнан жалпы саны 488 жасөспірім қатысты.

Байрақты бәсекеде бақ сынаған Жамбыл ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мақтаныштары Нұрсүндет Абдрахманұлы (46 келі), Мадияр Әбілда (32 келі), Айбек Оңалбек (52келі) өз салмақ дәрежелерінде топ жарып, алтыннан алқа тағынса, Қонысбек Жансерік (48 келі), Шағатай Мейіржан (52 келі), Сейдан Мерейбек (56 келі), Сембек Ержігіт (66 келі) қола медальды місе тұтты.
Спорт мектебінің директоры Абдрахман Қыдыралиев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтап, бұдан да биік белестерден көріне беріңдер деген тілек білдірді.

Новости в Вашем регионе