Еркебұлан – облыс чемпионы

Таяуда «Тараз-Арена» спорт кешенінде Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ересектер арасында жауынгерлік самбодан облыс чемпионаты өткен болатын. Жалаулы жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен 150-ге жуық балуан келіп, бес салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтады.

Дүбірлі додада ауданымыздың мақтанышы, Ащыбұлақ ауылы, Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің түлегі, белгілі шабандоз Қуаныш Қырқынбаевтың ізбасары Еркебұлан Тауасаров 74 келі салмақ дәрежесінде күресіп, жасындай жарқырады. Боз­кілем үстінде төрт кездесу өткізіп, қарсылас біткенді қапы қалдырды. 
Аудан атын асқақтатқан балуанның өзімен тілдескенімізде:
 – Мен бұл чемпионатқа тыңғылықты дайындалдым. Үздіксіз жаттықтым. Жеңістің жоғарғы сатысынан көрінуіме Мұрат Ашимов пен Сергей Смартов сынды білікті бапкерлер үлес қосқанын айтқым келеді, – деді Еркебұлан Қуанышұлы.

Новости в Вашем регионе