Жасөспірімдер арасындағы спартакиада

«Деркул» спорт кешенінде жаңа жыл мерекесіне арналған аула клубтары және қала ұйымдары арасындағы спартакиада басталды.

Спартакиада спорттың үстел теннисі, тоғызқұмалақ және асық ату сынды түрлерінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында өтуде. Аталған жарыста «Арай», «Әйгерім», «Атамекен», «Жұлдыз», «Болашақ», «Шабыт» аула клубтары мен «Орал» спорт клубының, №2 және №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жасөспірімдері бақтарын сынайтын болады. Барлығы сексеннен астам оқушы спорттың үш түрі бойынша жарысады. Үздіктер Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталады.

Новости в Вашем регионе