Дәстүрлі спартакиада өтті

11 мамырда Белоусовка кентіндегі №1 орта мектебінде Астана қаласының 20-жылдығына арналған президенттік көпсатылы сайыс бойынша аудандық ХХІ спартакиада өтті.

Спорттық шараның ашылу салтанатына қатысқан аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Айдар Рахимов, аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Сәуле Қабдықалықова және бөлімнің әдіскері Михаил Русанов жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 

Ашылу алаңыңда сап түзеген командалар жарысқа сақадай сай екендігін көрсетті. Шарада әнұран орындалып, спортшылар жарыстың өтілу ережесімен таныстырылды.

Граната лақтырудан қыздар арасында Опытное поле ОМ оқушысы Светлана Винтерголер бірінші орын, Прапорщиково ОМ оқушысы Юлия Соколова екінші орын, Ушаново ОМ оқушысы Анна Федченко үшінші орын иеленді.

Бір орында тұрып ұзындыққа секіруден қыздар арасында 1-орынға Виктория Иващенко, 2-орынға Светлана Витерголер, 3-орынға Александра Купавцева ие болды.

Қыздар арасында жүгіруден (1000 м жүгіру) Евгения Семенова 1-орынды, Валерия Дожина 2-орынды, Анастасия Тараненко 3-орынды иеленді.

Ұлдар арасында бір орында тұрып ұзындыққа секіруден Роман Свинтицкий алдыңғы қатардан табылса, Никита Еремин екінші және Сергей Китаев үшінші орынға ие болды. 2000 метрге жүгіруден ұлдар арасында бірінші болып келген Александр Арабеж болса, Илья Мальцев екінші және Евгений Кузнецов үшінші болып келді. Граната лақтырудан ұлдар арасында бірінші орыннан көрінген Дарын Нұрахметов, екінші орынды иеленген Никита Еремин, үшінші орынға ие болған Салават Чакетаев.

Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша №1 Белоусовка ОМ жүлделі 1-орынға ие болды, 2-орында Опытное поле ОМ, 3-орында Прапорщиково ОМ.

Жарысқа қатысушылар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.  

Новости в Вашем регионе