Н. НАЗАРБАЕВ: КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР КӨМЕКТІ 1 СӘУІРДЕН БАСТАП АЛУЫ КЕРЕК (ВИДЕО)

Көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы әлеуметтік аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасылар жақын арада мемлекеттің қамқорлығын сезінуі қажеттігін тапсырды.

- Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында.

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысын бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасы деңгейіне тікелей байланысты болатынын атап өтті.

Айта кетейік, кеңеске Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Новости в Вашем регионе