АЙТУЛЫ ЖЫЛҒА – АУҚЫМДЫ ЖОСПАР

Қай қоғамның болмасын басты қозғаушы күші, ел көшінің сенімді тірегі  жастар екені даусыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында  2019 жылды жастарға арнау ұсынысы көптің қолдауына ие болғаны да сондықтан болар. Ел болашағын қолдай отырып, жас буынның жан-жақты дамуына  үлес қосуды мақсат тұтқан Жастар жылы Жезқазған қаласында да салтанатты түрде  бастау алды. Шаһардың мерейлі 65 жылдық тойымен тұспа-тұс келген айтулы оқиғаның басты кейіпкерлері – жезқазғандық жастар Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өткен жиынға бірі қалмай қатысуға ниет танытты.

 

Аталған қос қуаныш аясында биыл мысты қалада бірқатар ауқымды жобалар іске асырылмақ. Жоспарланған 65 игі шараның қатарында, тұрғындарға жаңадан бой көтерген көп қабатты тұрғын үйден баспана кілтін тапсыру, жаңа супермаркет дүкені мен диагностикалық-консультативтік орталық ашу, дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын бастау да бар. Жас таланттарды ашып, өнерлі жастардың басын қосатын «Ұлытау үні» фестивалі мен Жақсыкелді Сейілов әндерін орындаушылардың республикалық конкурсын өткізу, сондай-ақ, күйшілердің «Ақсақ құлан» атты халықаралық деңгейдегі Кетбұқа би атындағы конкурсын ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген Жастар жылында медицина саласын таңдаған жеті жас маман баспаналы болмақ, екі жылдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Жастар» саябағы, бес хоккей алаңы мен  стрит воркауттар қала тұрғындарының игілігіне берілмек. Осы іспеттес жағымды жаңалықтар куәсі болатынын естіген көпшіліктің кеудесіндегі қуанышты ҚР еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов «Жезді бойы жез қалам, жер түбінен жезді алам. Алтын қалам, кең далам» деп шырқаған «Жезқазған маршы» әнімен еселей түсті. Жиынның алғашқы сөзін алған қала басшысы Қайрат Бегімовтің де  құттықтауы жүректерге жетті.

Әлемге сары мысымен танылған Жезқазғанда бүгін қос бірдей шараның тұсауы кесілгелі тұр. Оның біріЖастар жылының бастауы болса, екіншісісүйікті қаламыздың

Новости в Вашем регионе