Жаңғыру-жазудан басталады

Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері  қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып,  әлемдегі 5651 тіл ішінде қолданылуы жағынан 70 орынға  тұрақтанды.

Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын  барша халық болып қолдаймыз, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден,  сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.

Қазіргі ХХI ғасыр — жазу заманы.  Жазу — барлық халыққа ортақ мәдениеттерді  жалғастырушы құндылықтардың бірі. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылады. Ол біздің қоғамға да  еніп кеткен. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, физика, химия формулалары,  түрлі терминдер, ғылыми әдебиеттер, электронды  поштамыз, көлігіміздің нөміріндегі әріптер, жеке куәлігіміз бен паспортымызда да латын әліпбиі тұр.

Ұлттың жазу  тарихына үңілсек, VIII ғасырдағы  Күлтегін, Тоныкөк, Білгеқаған сынды хан-батырлардың құлыптасында жазылған Орхон жазбалары, яғни көне түркі жазуларынан бастау алып, одан әрі елімізге ислам дінімен бірге енген араб жазулары 1929 жылға дейін қолданыста болғаны белгілі. Қазақ тілі білімі тарихында  1929-1940 жылдар аралығында қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен болатын. 1940 жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз —кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі.

 «Тарих - біздің істеріміздің  өткенінің куәсі,  қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы»-деген  Мигель де Сервантестің сөзіне сүйене отырып, жоғарыда айтылған  тақырыпты зерттей келе, жаңа латын алфавитін игермес бұрын, жазу тарихындағы ескі латын әрпімен жазылған материалдарды аттап кетпей, көз жүгіртіп,  салыстырмалы  түрде шолып шықтым. «Әlippe» кітабы оңай оқылып жатса, 1941 жылы жазылған «Ленин жолы» газетіндегі мақалаларындағы кей сөздерді оқу оңай болған жоқ. Сіздерге оқуға ұсынғанды жөн көрдім.

 S. Kenesbaev «Әlippe»  кітабы 1938 жыл.

1941 жыл 11 январьда  жарияланған   

1941 жыл  28 январьда  жарияланған

1941 жыл  30 январьда  жарияланған

1941 жыл  30 январьда  жарияланған

Қорыта келе, латынға көшу -  ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім беру үрдісінің ерекшеліктері мен қазіргі заманғы технологияларды  игеруге жол ашатын құрал.  

Новости в Вашем регионе