КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ЖӘНЕ МЕДИАЦИЯ

Қоғамдық құқықтық қатынастардың күрделенуі және ғылымның заманауи жетістіктері отбасы қатынастарын реттеудің жаңа нысандарын қажет етеді. Отбасы құқықтық-қатынастарда медиацияны қолдану кез келген отбасы мүшесінің құқықтарын қорғауға және дауларды шешуге мүмкіндік береді. Осыған орай отбасы арасындағы дауды отбасы медиациясы арқылы реттеу және ата-ананың ажырасуы, балалармен ажырасуы, баланың ата-анасы арасындағы дауларды сотқа дейін шешу жолдары Тайынша аудандық сотының залында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде талқыланды.

Медиация – бұл үшінші бейтарап тұлғаның қатысуымен дауласушы тараптардың арасында дауды реттейтін процесс. Медиация рәсімін жүргізудің бірыңғай стандарттары жоқ, жалпы немесе нақты бағыттар - отбасылық медиация, коммерциялық жылжымайтын мүлік делдалдығы және тағы басқа. Мысалы Швейцария мен басқа да еуропалық елдердің білім беру бағдарламаларында «Futek дөңгелегі» деп аталатын үлгі бар. Осы модельге сәйкес алдын ала дайындық жүргізіледі, оның барысында медиация делдалдығы туралы келісімге қол қойғанға дейін тараптар бір-бірін таныстырады, олардың міндеттері мен үміттерін айқындап, рәсім ережелерін және оның ұзақтығын келіседі. Осы орайда медиатордың рөлі - жағдайды нақтылау үшін әр жаққа бірдей уақыт бөліп қажетті сұрақтар қою. 
- Отан отбасынан басталады. Кез келген келіспеушіліктер әр отбасында болуы мүмкін. Өйткені, әр шаңырақ түрлі дағдарыс және бейімделу кезеңінен өтеді. Осындай дағдарыс кезінде отбасында дау-дамай туындап, шиеленесіп кетуі мүмкін. Бұл дау-дамайлар отбасының барлық мүшелеріне әсерін тигізбей қоймайды. “Бір күндік ұрыстың қырық күндік кесірі бар” дегендей, отбасындағы адамдардың көңіл-күйін түсіріп қана қоймай, қоғамға өзінің кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, баланың бақытты болып өсуіне де кері ықпал етеді. Баланың сана сезімінде “аяулы ана” мен “ардақты әке” атты ұғымдар өз мәнін жоғалтады. Содан олардың мінез-құлықтары қатегіздікке бет бұрады. Тәрбиенің дұрыс берілмеуіне байланысты бала әр түрлі құқық бұзушылық әрекеттерге барып, ішімдік пен нашақорлыққа берілуі мүмкін. Сол себепті отбасы қатынастарында медиатор ерлі-зайыптылар не басқа да отбасы мүшелерінің арасында туындайтын жанжалдарда келіссөздердің тиімді жүргізілуіне көмектеседі және оларды қажетті арнаға бұрады. Өзінің бейтараптығы арқасында медиатор даудың мән-жайын әділ бағалап, мәселенің оңтайлы шешімін таба алады, - дейді Тайынша аудандық сотының төрайымы А.Т.Сапиева. 
Отбасылық мәселелерде медиацияны қолдану заман талабы. Сол себепті де сотқа дейін медиациялық тәртіппен отбасы саласындағы дауларды шешу тиімді . Себебі, медиацияны қолдану отбасы мүшелері арасында қарым-қатынастарды жақсарту, даулардағы тараптар арасындағы жанжалдарды азайтуға, дауды шешудің баламалы жолдарының дамытуға мүмкіндік береді, ата-ана мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастардың сақталуына, ажырасу салдарынан болатын мемлекет үшін де, тараптар үшін де әлеуметтік және экономикалық шығындарды болдырмауға жағдай жасайды, сондай-ақ, аталған саладағы дауларды шешуде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. 
Отбасы қатынастарында медиатор ерлі-зайыптылар не басқа да отбасы мүшелерінің арасында туындайтын жанжалдарда келіссөздердің тиімді жүргізілуіне көмектеседі және оларды қажетті арнаға бұрады. Өзінің бейтараптығы арқасында медиатор даудың мән-жайын әділ бағалап, мәселенің оңтайлы шешімін таба алады.

Новости в Вашем регионе