Жыр алыбына арналды

Ұлы қазақ даласында сан ғасырлық жолдан өткен жыраулық мектеп бар еді. Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбет, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Қалиса, Сүйінбай сынды жыраулар өмір сүрді. Ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев та осы жыраулық мектеп­тің соңғы өкілі десек те болғандай.

Ұлы қазақ даласында сан ғасырлық жолдан өткен жыраулық мектеп бар еді. Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбет, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Қалиса, Сүйінбай сынды жыраулар өмір сүрді. Ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев та осы жыраулық мектеп­тің соңғы өкілі десек те болғандай. 
Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, оның көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады. 
ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл атаның өміріндегі қызықты деректерді сабағына арқау еткен Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 2-сынып жетекшісі Гүлжан Әділова «Ұлы дала жыршысы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. 
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдас­тырылған тәрбие сабағында:
«Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай,
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай,
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай», – деп ақынның бала кезіндегі шоқпарлы бейнесін сомдаған Ануар Мұсаев пен Сүйінбай ақынның рөлінде ойнаған Бекасыл Құрманбайдың көріністері әсерлі шықты. Өлеңге жүйрік Еркебұлан, София, Балғынбек, Рауан, Арай, Айтолқын, Кәусар, Абдрашид, Аңсар, Нұрасылдар жыр шумақтарын мәнерлеп айтты.
Сонымен қатар сабақ бары­сында мұғалім балаларға жаңа көзқарас, жаңа таным қалыптастыруда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды, көрнекі­ліктер мен слайд арқылы ақынның өмірі жайлы деректер ұсынды.
«Жамбыл – ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бірі, әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» деп бағалаған Мұхтар Әуезовтің сөзінің мәнін ашып, балалармен бірге өлеңдерге талдау жасады.
Әсерлі өткен сабақ соңында жеткіншектер ұстаздарына Жамбыл ғасырына саяхат жаса­ғандай күй кешкендерін жеткізді.

Новости в Вашем регионе