Өрлеудің өнерлі жұлдыздары!

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Өрлеу» үлгілі балалар қазақ ұлт аспаптар оркестрінің 10 жылдық мерейтойына арналған «Өрлеудің өнерлі жұлдыздары!» атты мерекелік концерті «Шашу» биімен ашылды.
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Өрлеу» үлгілі балалар қазақ ұлт аспаптар оркестрінің 10 жылдық мерейтойына арналған «Өрлеудің өнерлі жұлдыздары!» атты мерекелік концерті «Шашу» биімен ашылды. Осыдан он жыл бұрын 2009 жылы Тараз қаласындағы Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының «Өрлеу» ән-саз студиясында Аяпбергенов Талғат Асқарұлының жетекшілігімен «Өрлеу» балалар қазақ ұлт аспаптар оркестрі құрылып, 2012 жылы «Үлгілі» атағын иеленді. Оркестрдің құрамында 100 бала бар. Оркестрдің құрамы үлкен және кіші топ болып екіге бөлінеді. Үлкен топ құрамында 55, ал кіші топ құрамында 45 бала. 2013 жылы «Жігер» ұлдар, 2014 жылы «Ақжелең» қыздар домбырашылар ансамблдері құрылған. Қазіргі таңда Сейдахмет Мәди Пайызұлының жетекшілік етіп отырған қазақ ұлт аспаптар оркестрі түрлі халықаралық, республикалық облыстық, деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға иеленіп жүр. 2017 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Шашу» өнер фестиваль – байқауында «Бас жүлде», 2018 жылы Тараз қаласында өткен «Ғұмырдария» фестиваль – байқауында «Бас жүлде», «Қазақстан таланттары» халықаралық фестиваль - өнер байқауында «Бас жүлде», 2019 жылы Республикалық «TARAZ MUSIC FESTIVAL» байқауында «Оркестр» номинациясы бойынша «Өрлеу» үлгілі балалар ұлт аспаптар оркестрінің үлкен тобы мен кіші тобы «Бас жүлдені» иеленді. «Өрлеу» үлгілі балалар ұлт аспаптар оркестрінің жанынан құрылған «Жігер» ұлдар домбырашылар ансамблі халықаралық, республикалық әр түрлі аймақтық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. 2018 жылы Тараз қаласында өткен Республикалық «Құс жолы» балалар өнер байқауында «Жігер» ұлдар домбырашылар ансамблі «Бас жүлде», 2018 жылы Алматы қаласында өткен ІІ халықаралық «Жеті өнер» фестиваль – байқауында «Бас жүлде», сонымен қатар «Ғұмырдария» халықаралық өнер байқауында «Бас жүлдемен» марапатталды. «Өрлеу» үлгілі балалар ұлт аспаптар оркестрінің жанынан құрылған «Ақжелең» қыздар домбырашылар ансамблі де халықаралық, республикалық әр түрлі аймақтық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. 2018 жылы Тараз қаласында өткен Республикалық «Құс жолы» балалар өнер байқауында «Ақжелең» қыздар домбырашылар ансамблі І орын, 2018 жылы Алматы қаласында өткен ІІ халықаралық «Жеті өнер» фестиваль - байқауында ІІІ жүлделі орынды ,«Ғұмырдария» халықаралық өнер байқауында «Бас жүлдені» иеленген. «Өрлеу» ән-саз студиясының «Өрлеу» үлгілі балалар қазақ ұлт аспаптар оркестрінің тәрбиеленушілері өз білімдерін әрі қарай да музыкамен жетілдіруде. Алелов Ержан - Астана қаласындағы «Шабыт» өнер колледжінің домбыра класында, Аубакирова Анель мен Сұлтан Ерболат Алматы қаласындағы П.И. Чайковский атындағы мемлекеттік колледжінің домбыра, дәстүрлі ән класында өз білімдерін жалғастыруда. Сонымен қатар оркестрдің солистері Ысқақұлы Арман, Ысқақұлы Асыл, Жылқышиев Рамазан - Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық коледжінің домбыра класында, Құрманбаева Ақмаржан қобыз класында Молдиярбеков Дархан, Ерәлиева Дильназ - Алматы қаласындағы П. И. Чайковский атындағы мемлекеттік колледжінің дәстүрлі ән класында өз білімдерін жалғастыруда. «Өрлеу» үлгілі балалар қазақ ұлт аспаптар оркестрінің шәкірттері: Дадабаев Жанту, Шәкенбаев Мұхаметәлі, Төлембай Есімхан, Амантаев Санжар, Қонысбаев Темірлан, Пайыз Алихан, Қүрманбай Әли осы концертте өз өнерлерін көрсете білді. Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық, қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптарының бірі – домбыра. Оны қастерлеп ұстап, халық әні «Ахау, керімді орындаған «Өрлеу» ән – саз студиясының ән – терме класының тәрбиеленушісі, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Қалқабек Нұрайлымға жұрт риза болды. Сахнаға жүздеген ұлдар мен қыздардың өнерін шыңдаған «Өрлеу» ән-саз студиясының талантты педагогтары шықты. Олар: Қырықбаева Ақерке Тұрарқызы, «Өрлеу» ән-саз студиясының меңгерушісі, ән-терме класының педагогы; Сейдахмет Мәди Пайызұлы, оркестр жетекшісі; Мақсұтова Райхан Дулатқызы, Томанова Айжан Жапарқызы , Смайлова Күлпан Үсенәліқызы , Разахова Айман Аязбекқызы , Аубакирова Ләззәт Тұрғынқызы, Джунусова Бота Күмісбекқызы , Қырықбаева Шынар Тұрарқызы, домбыра класының педагогтары; Жолдыбаева Жанна Төлемісқызы, баян класының педагогы; Искакова Айнур Нұржанқызы, қобыз класының педагогы; Азизхан Айдана Азизханқызы, флейта класының педагогы; Утепбергенова Надия Жасталаповна, Загрекова Елена Борисовна , Нюруллаева Римма Менягалиевна, концертмейстерлер. Ұстаздарды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зубайра Жарқыновна мен Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы басшысының орынбасары Жандос Әскербекұлы құттықтап, Жамбыл облыстық мәдениет басқармасының Алғыс Хаттарын табыс етті. Концерт залында жүргізушілер ұстаздар, ата-аналар мен тәрбиеленушілер атынан бәріне махаббат пен сезімталдық үшін, жасалған жылы атмосферасы үшін, дана кеңестер мен жақсы қолдау көрсеткені үшін орталықтың директоры Грабийчук Татьяна Васильевнаға ерекше алғыс айтты. Концерттік бағдарлама жерлесіміз күйші, сазгер Аман Малдыбаевтың «Көне Тараз» күйімен аяқталды.

Новости в Вашем регионе