Халықаралық алғыс айту күн

Жарқайың аудандық кітапханасында "Жүректен жүрекке" атты мерекелік іс-шара өткізілді

Бүгін, Халықаралық алғыс айту күніне орай, Жарқайың аудандық кітапханасында "Жүректен жүрекке" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты тақырыптары:
- Үлкендерге құрмет.
- Бейбітшілік пен шыдамдылық.
- Қарым-қатынасқа ашықтық.
- Қонақжайлылық және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге ұмтылу.
Іс-шараға ауданның құрметті азаматтары, жергілікті ақындар, "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" клубының қатысушылары, қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары шақырылды.
Іс-шара мерекелік шай ішу түрінде өтті. Кітапхана фойесінде "Алғыс жүректен шығады" атты көрме ұйымдастырылды
Кітапхана қызметкерлері қонақтарды ұлттық костюмдермен қарсы алып, құрметті қонақтарды дастархан басына шақырып, орындарға жайғастырды. Ұлттық мәдениетте азық – түлік салтына ерекше мән беріледі - кез келген тағам белгілі бір мәнмен және орынға берілетіні баршамызға мәлім.
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" клубының қатысушысы Каирова Зура құрметті қонақтардың кездесу дәстүрімен таныстырды.
Қатысушылар өз ана тілінде және мемлекеттік тілде өз алғыстарын білдіріп өтті.
Іс-шара сонында құрметті азамат Шорахметов Әбілхадир Шорахметұлы ақ батасын берді

Новости в Вашем регионе