Біз - бақытты баламыз

Біз - бақытты баламыз
Балалар - біздің болашағымыз демекші,халқымыз ұрпағына жерінде, бар байлықты да, салт- дәстүрі мен ғұрыпында, тілі мен дінінде өсиет етіп,ғасырлардан- ғасырларға аманат етіп келеді.Міне Тәуелсіздігіміздің келешектегі тірегі де осы білім – тәрбие беріп отырған балаларымыз.Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпақтарының бүгінде жан- жақты ,елінің нағыз патриоттары болып өсуіне зор үлес қосып отырған ұлағатты ұстаздарының еңбегі жылда келетін «1-маусым Халықаралық балалар қорғау күні мерекесі қарсаңында Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп- интернатында ауыз толтырып айтарлықтай іс- шаралар мен Халықаралық, республикалық жарыстардан жетістікке жеткен шығармашыл,өнерлі, талантты да, талапты бүлдіршіндеріміздің мектебіміздің мәртебесін биікке көтерді десек артық айтпаған шығармыз. Мектеп- интернатыда «Біз бақытты баламыз», бастауыш 2-4 сыныптарда, «Біз Тәуелсіз елдің ұрпғымыз» және «Жемқорлыққа жол жоқ», «Ел бірлігі: бір ел-бір тағдыр» атты сурет көрмесі 5-9 сынып аралығында өтіп суреттері облыстық сурет байқауларына жіберілді.Жетекшісі «Қыл қалам» үйірмесінің ұстазы Айман Орманова. Сонымен қатар мектепішілік каратэ жарысы өткізіліп жүлделі І,ІІ,ІІІ орын иелерін мектеп- интернат директорының дипломдарымен марапатталынды.Түркістан облысы ,Шардара қаласында 4-6 мамыр аралығында Халықаралық балалар қорғау күніне арналған Республикалық қыздар күресінен Ұ.Тілеухан, П.Досболсын,А.Болатхан, А.Босболсын І орынды иеленді. Жаттықтырушы Ғалым Мырзабаевтың еңбегінің нәтижесі. 18-19 мамыр Түркістан қаласында Халықаралық «Жас талант» атты байқауға «Вокал» номинациясы бойынша Ә.Жамантай,А.Жұмат жүлделі І орынды иеленсе, «Көркем сөз» номинациясы бойынша 2 сынып оқушылары Ә.Ибрагимова, Д.Дәуренұлы, 3 сынып оқушылары Г.Ғаниқызы, «Қолөнерден» Ж.Оразәлі жүлделі І орынды иеленді.Осы байқауға қатысуға демеушілік жасаған мектебіміздің басшысы Жақсылықова Ельмира Сауқынбекқызына ата- аналарымыз дән ризашылықтарын білдірді. Айдың сұлтаны «Ораза »айында осындай жетістіктерімен мектебіміздің мәртебесін жоғары көтеріп,мерекеге тарту еткен шәкірттерімізбен мақтанамыз.Еліміздің туын көке жебірететін рухы биік азаматтар тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаздардың мәртбесі әрқашанда жоғары болмақ.

Новости в Вашем регионе