Жарықтандыру мәселесі төралқа мәжілісте қаралды

Өткен аптада аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа мәжілісі өтті. Мұнда Маңғыстау облыстық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Қ.Ережеповтың хаты бойынша аудан әкімі А.Т.Хамиевтің Ақтау - Форт-Шевченко қалааралық жолының 14-28 шақырымдық кесіндісін жарықтандыру сұрағы қаралып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а. Д.Жантуаровтың ақпараты тыңдалды.

-Жарықтандыру жұмысын өткізу туралы мемлекеттік сатып алу конкурсы 2018 жылдың 7 сәуірінде өтіп, «Айком ЛТД» ЖШС жеңімпаз болып танылған. 2018 жылы аудандық бюджеттен 20 млн теңге бөлінген. Келісім шарт сомасы 185053,28 мың теңге. Өткен жылы жол бойына 6 КТП орнатылып, ток жеткізетін бағаналар орнатылған. 2019 жылға 139 000 мың теңге бөлініп, жұмыс басталды. 2019 жылдың мамыр айына дейін жұмысты аяқтау жоспарда бар. Жарықтандыру кесіндісін 13-27 шақырымға өзгерту және жарықтандыру шамдарын соңғы үлгідегі нұсқаға аудару туралы ұсынысымызды д

Төралқа бөлімнің жұмыстың жайы туралы ақпаратын қатерге алып, қосымша шығыстар қажет етілмейтінін ескере отырып, жобаға өзгерістер енгізуге келісім берді. Сонымен бірге, төралқа жолдың жаяу адам қатынауға арналған жолақтарының түн мезгіліндегі көрнекілігін жақсарту мақсатында сол маңдағы жарықтандыру шамдарының түсін өзге түске аудару туралы ұсыныс жасады.
Қаралған мәселелер бойынша қарар қабылданды.

Новости в Вашем регионе