Дәстүр жаңғырған күн

Күн мен түннің теңеліп табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы Жамбыл ауданының білім бөліміне қарасты «Сәуле» бөбекжай-бақшасында да есте қаларлықтай атап өтілді.

Музыка жетекшісі Азима Құралханқызының ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің, әз Наурыз» атты ертеңгілікте тәрбиеленушілер қазақ халқының салт-дәстүрлерін сахналап, өнер көрсетті. «Бәйшешек» және «Балапан» кіші топтары «Тұсаукесер», «Қырқынан шығару» рәсімдерін, «Гүлдер» мен «Құлпынай» ортаңғы топтары «Құлақ тесу», «Бесікке салу», «Құлыншақ», «Жұлдыз» ересектер тобы «Ат қою», «Бастаңғы» атты салт-дәстүрлерден көрініс қойды. 
Көпшілікті өнерімен тәнті еткен топ бүлдіршіндері арнайы дипломдармен марапатталды.
Мерекелік ертеңгіліктен кейін «Бұл – менің ағашым» атты акция аясында бөбекжай меңгерушісі Ақбота Маратқызының бастамасымен тәрбиешілер балғындармен бірге аулаға жеміс ағаштары мен раушан гүлдерінің көшеттерін отырғызды.

Новости в Вашем регионе