Денсаулық

ДӘРІГЕРЛЕР 180 АЗАМАТҚА КӨМЕК БЕРДІ

Алғыс айту күніне орай Жамбыл аудандық емханасының дәрігерлері күні бойы «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығына шағымданып қайырылған тұрғындарды қабылдады. 

3 марта, 10:34
Полиция ардагерлерінің көмегі

Коронавирус індеті ел азаматтарының пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай қысыл-таяң уақытта әлеуметтік жауапкершілікті сезінген Жамбыл ауданының Құрметті азаматтары, полиция ардагерлері Раззақбай Аманбеков пен Сәпілмәлік Тәжиев аудандық мүгедектерді оңалту орталығының ұжымына медициналық маскалар мен халаттар таратты. Игі іске мұрындық болғандарға мекеме басшысының міндетін атқарушы Бота Құлдасова ұжым атынан алғыс айтты. 

27 февраля, 11:46
Шектеу шараларын мұқият сақтаңыз

Елімізде эпидемиологиялық ахуал әлі де алаңдатарлық жағдайда. Қазіргі таңда медициналық ұйымдар коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарды қабылдауға және емдеуге толық дайын. Барлық ауруханада медицина қызметкерлері үшін жеке қорғану құралдарының, дезинфекциялық препараттардың, дәрілік заттардың қажетті қоры бар.

24 февраля, 11:22
Маскалық тәртіпті сақтау керек

Қауіпті індет әлі де қатер төндіріп тұр. Оны жеңу үшін бүкіл әлем күш салып жатыр. Әзірге нәтижесі жаман емес. Сауыққандардың қатары күннен күнге көбейіп, науқастардың саны азаю үстінде. Дейтұрғанмен, індетті болдырмаудың бір жолы – шектеу шараларын қатаң сақтау. Санитарлық талаптарды орындап, тәртіпке бағыну маңызды. Бұл – баршаға ортақ міндет. Бір сәтке де еркінсуге болмайды. Салдары жаман екені айтпасақ та белгілі. Бүгінде ең маңызды әрі қажетті шара – халық денсаулығын сақтау. Мемлекет, Үкімет, жергілікті атқарушы билік тарапынан осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын бәріміз түсінуіміз қажет-ақ.

20 февраля, 11:03
Екпе егудің пайдасы зор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде 1 ақпаннан бастап қазақстандықтарға екпе салына бастады. Коронавирусқа қарсы екпе 21 күн аралықта екі кезең бойынша жүргізіледі. Яғни, бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін енгізуге байланысты қысқа қорғаныс әсерін берсе, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді. 

17 февраля, 10:26
МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ КЕЗЕКТІ РЕЙДІ

Бүгінгі таңда Жамбыл ауданында індеттің алдын алу, таратпау үшін шаралар үздіксіз атқарылуда.

13 февраля, 16:26
Алғашқы шипа – темірдей тәртіп

Ата-бабаларымыздың аты жаман кеселмен талай рет бетпе-бет келіп, қынадай қырылғанын естігенмін. Енді міне, бізде сондай қауіпті аурудың алдында тұрмыз. Өткен жылғы көктемде басталған індет лезде жер жаһанды шарлап кетті. Небәрі бір жылдың ішінде сан миллиондаған азаматты төсекке таңып, екі миллионнан астам отбасына қайғы әкелді. 

10 февраля, 11:55
Бастысы – індеттің өршуіне жол бермеу

Атын естігенде күлкіңді тыйып, күдігіңді көбейтетін Covid-19-дың әлемді әлекке салғанына жылға жуық уақыт болды. Алғаш Қытайдың Ухань қаласынан тараған кеселге бей-жай қарағанымызбен, қазіргі қоғамда вируспен бірге өмір сүріп келеміз. Бастапқыда «қорыққанға қос көрініп», аласұрған жұрт бүгінде бейқам қалыпқа көше бастағанын көз көріп жүр. 

6 февраля, 11:12
Амандыққа ештеңе жетпейді

Қазіргі таңда жаһан жұрты тәж вирусының алдын алу мақсатында барлық шараны қолға алып, үздіксіз күрес жүргізуде. Елімізде де бұл бағыттағы шаралар өз деңгейінде жүзеге асуда. Негізі, кез келген аурудың алдын алуда вакцинаның ықпалы зор. 

6 февраля, 11:11
Коронавирустың емі – вакцина

Жаугершілік заманда ауылға төніп қалған жауды тойтаруға күші болмаса, халық ауылдың сыртына ұзын ағаш қадап, басына қара шүберек байлап қойған. Бұны көргенде айшылық алыс жолды жүріп келген әскер болса да ауылға кірмей, тоқтайтын көрінеді. Себебі қара шүберек ауылдың оба індетіне шалдыққанын білдіреді екен. Ауа арқылы таралатын қоздырғыш аз уақытта бір ауылды жойып жіберетін болған.

6 февраля, 11:09