Бүгінгі таңда ауданымызда індеттің алдын алу, таратпау мақсатындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Елімізде қауіпті індет өршуіне байланысты оның алдын алу жұмыстары мықтап қолға алынуда. Аймақтарда карантин талаптары күшейтіліп, шектеу шаралары қатаңдатылу үстінде.
Батырлар тек соғыста ғана танылмайды. Батырлық – тек атойлап атқа мініп, жауға шабу емес, ол – ажалмен бетпе-бет келгенде күш-жігерді бойға жинап, оған қарсы тұру, қиналған жанға қол ұшын созу. Бұл ретте ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасына бүгінгі күнге дейін жеткізілген 800 доза «Спутник-V» вакцинасының 700 дозасы егілді. Екпені алғаш аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруков пен емхана дәрігерлері егіп бастаса, бүгінде мұғалімдер белсенділік танытуда. Жуық арада вакцина тәртіп сақшыларына егілмек.
Ақбастау ауылдық округіне қарасты Бірлесу-Еңбек және Шоқай ауылдарының тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша округ әкімі аппаратының қызметкерлері фельдшерлік-акушерлік пункт қызметкері Г.Майрықовамен бірлесіп тізім бойынша «сақтандырылмаған» азаматтарды өзектендіру бойынша жоспарға сәйкес аулаларды аралап, БЖТ төлеу жайын түсіндірді.
Қатерлі індеттің қаупі әлі де сейілмей тұр. Індетті жұқтырғандардың қатары күннен күнге көбеюде. Сақтық шаралары, талаптар тиісті деңгейде орындалмағандықтан, тәртіпке бағынбағандықтан бұл. Сол баяғы немқұрайлылықтан арыла алмай жүрген жайымыз тағы бар. Өзімізге сақ, жақынымызға жанашыр болу қажет-ақ.
Кеше аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсел Сапахова «Айшабибі» бақылау-өткізу бекетінде болды.
Жамбыл аудандық ауруханасының жыл басындағы мәліметіне сәйкес Аса ауылдық округі бойынша медициналық сақтандырылмаған азаматтардың саны 1608 адамды құрап отыр. Осыған орай аппарат мамандары медицина қызметкерлерімен бірлесіп аула аралап, сақтандырылмаған азаматтарға мәселенің мән-жайын түсіндіруде.
Вакцинациялау коронавирус инфекциясының таралуына қарсы негізгі фактор болып табылады. Қазіргі таңда екпеге қолжетімділікті қамтамасыз ету және жаппай егу елімізде кең көлемде жүргізілуде. Екпе ағзада иммунитетті қалыптастырып, инфекцияның одан әрі таралуын шектейді.
Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық.