Жұқпалы аурудың алдын алайық

Қытай Халық Республикасында етек алған коронавирустық аурудың сол елде күннен күнге ұлғая түсуі дүниежүзі халқын алаңдатып отыр. «Жаман айтпай жақсы жоқ» көршілес елден тарап отырған сол аурудың біздің елде де індеп кетпесіне кім кепіл.

Сол үшін де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан аумағында аурудың таралуына жол бермеу және оның алдын алу шараларын өткізуді тиісті орындарға тапсыруы тектен-текке болмаса керек.
Қазақстан Республикасының аумағында этиологиясы белгісіз пневмонияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бас мемлекеттік санита­рия­лық дәрігері­нің 2020 жылдың 6 қаңтарын­дағы                              №1-ПГВр қаулысына сәйкес Хубэй провинциясында (ҚХР) этиологиясы белгісіз пневмония (ЭПБ) бойынша эпидемиялық жағдайдың асқынуы кезеңінде Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында орталық аурухана мен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бірлесіп емдеу мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен орталық емхананың мәжіліс залында семинар өткізді.
Семинарда аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Гаухар Жұмашева ҚХР-да белең алған аурудың, бүгінгі көрінісін, бұл жолда қандай шаралар қолға алынғанын жан-жақты түсіндіріп, алдын алудың негізгі шаралары жөнінде хабардар етті.
Аудандық орталық аурухана терапия бөлімінің меңгерушісі Г.Кеңесбаева «Этиологиясы белгісіз пневмонияның клиникасы, диагностикасы, емі» туралы анықтама берсе, басқарманың жетекші маманы Асқар Мутенов аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша сөз етті.
Семинар барысында аудандық орталық ауруханасының стационарлық қызмет басшысы Н.Кезембаев және эпидемиолог-дәрігер А.Ширикбаев өз ойларын ортаға салды.
Басқосу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар қайтарылды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары