ЖҰҚПАЛЫ АУРУДАН САҚТАНЫҢЫЗ

Облыста қызылша дерті өршіді. Жұқпалы ауру  қаңтардың  1-нен бастап тіркелген, қазір бұл диагноз 41 адамға қойылып отыр. Оның 35-і 14 жасқа дейінгі балалар. Медицина мамандары бұл дерттің сырттан келгендігін айтады, ал оның өршуіне халықтың екпеден бас тартуы себеп болып отыр.

Мамандардың айтуынша, қызылша вирусты инфекциясы араға 3 жыл салып қайта таралды. 2015 жылы жылдам тарайтын ауруға 90-ға жуық адам шалдығыпты. Қазір өңірде ауруды асқындырып алмас үшін,  арнайы штаб құрылып, өз жұмысын бастап кеткен. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылша вирусы өзге науқастарға таралмас үшін, оқшауланған палаталар жасақталған. Сондай-ақ  бетперделік режим қатаң сақталған. Дәрігерлердің айтуынша, қызылша дерті,  иммунитеті әлсіздер үшін аса қауіпті.

 МӘНШҮК АЙМУРЗИЕВА  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қызылша бұл ауадан, жөтел арқылы таралатын жұқпалы ауру. Сол себептен қазіргі жағдайда  осыны ескере отырып,  жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында,   ең бастысы денсаулық сақтау саласы  медициналық мекемелерінде  емхана, қабылдау бөлімдерінде   тиісті іс шаралар қабылданды.

Гаухар Кенжебайқызы 1 жасар перзенті  Жасминнің  қызылша ауруын жұқтырғанын  сезбей қалған. Себебі, алғашында қызуы көтеріліп, жөтел байқалған соң, тұмауға шалдықты деп, үй жағдайында ем-дом жүргізген. Анасы, Жасминнің жұқпалы дертті жұқтыруын , уақытылы екпе салдырмағанымен байланыстырады.

ГАУХАР КЕНЖЕБАЙҚЫЗЫ ата-ана :

Осы ауруханаға  мен балам қатты қызулап түсті. Халінің ауыр болғаны соншалық, бірден жансақтау бөліміне жатты. Үш күннен соң баламды қолыма берді. Қазір жағдайы жақсы. Мен қызымды Астанада босанғасын, екпе салдырмап едім. Енді үнемі уақытылы вакциналарды қабылдап жүреміз. Атырау халқына айтарым, балаларыңызға екпе салдырыңыздар.

Биыл үкімет қаулысымен ұлттық екпе тізбесі бекітілген. Жоспарлы түрде эпидемиологиялық жағдайға байланысты, 6-7 жасқа дейінгі балаларға екпе егу көзделген. Осыған орай, үкіметтен 32-мыңдай вакцина бөлінген.  Облыстық  денсаулық сақтау басқармасы облыс тұрғындарына  қызылша вирусына қарсы вакцина алу қауіпсіз екенін  айтады. 

 

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары