ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Бүгінде әрқашан көмек қолын созуға дайын тұратын жанашыр жандар баршылық. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық жасау, мейірімділік таныту - әр адамның міндеті.

   Күні кеше ғана қаламызда мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған оңалту орталығының ашылғандығы бәрімізді қуантты. Аталмыш орталық өз жұмысын бастағаннан бері, оған көмек қолын созатын жандардың табылып жатқандығы бізді қуантып отыр.

  Осы орайда, "Болашақ" жеке кәсіпкерлігінің иесі Маржан Бақасова орталыққа су тазартқыш құралын сыйға тартты. Оның басты ерекшелігі, керамикалық сүзгіден өткен суды қорықпай-ақ, пайдалануға болады. Өйткені, құмды бөлшектер мен бактерияларды өзіне сүзіп алады. Бір сөзбен айтқанда, зиянды аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. 

 Бұл ретте, орталық басшысы Айгүл Хамеева балалардың денсаулығына бей-жай қарамайтындығын және таза суды тұтыну өте маңызды екендігін айтып, жеке кәсіпкерге алғысын білдірді. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары