Залалсыздандыру қарқынды жүруде

Соңғы уақытта ауданда COVID-19 індетінің таралуына қарсы залалсыздандыру жұмыстары мен блок-бекеттерде тексеру күшейтіліп жатыр. 

Соңғы уақытта ауданда COVID-19 індетінің таралуына қарсы залалсыздандыру жұмыстары мен блок-бекеттерде тексеру күшейтіліп жатыр. Осы тұрғыда коронавирустың алдын алу мақсатында аудан әкімі Cәкен Арубаевтың тапсырмасымен ұлттық сараптама орталығы дезинфекция бөлімінің мамандары Қаракемер ауылындағы мекемелердің ғимараттарына, газондар мен көшелерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Оған антисептикалық сұйықтығы бар арнайы екі техника мен алты жұмысшы жұмылдырылды. 
 – Бір айта кететіні, індеттен сақтану мақсатында жоғарыдағыдай күшейтілген сақтық шаралары өңірде тұрақты түрде жүргізілуде. Індет айтып келмейді. «Сақтансаң – сақтайды» демекші, бұл атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі өзіміздің қауіпсіздігіміз бен денсаулығымыз үшін керек, – дейді «Ұлтық сараптама орталығы» аудандық бөлімшесінің басшысы Талғат Бөлекбаев. 
Алдағы уақытта мекеме басқа үлкен аумақтарды да залалсыздандыруға қауқарлы. Ол үшін сұйықтық та, адам күші де жеткілікті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары