Ветеринариялық ақылы қызмет көрсету

Құрметті аудан тұрғындары. Сарысу ауданы әкімдігінің «Ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды жоспарға сай жүргізеді.

Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы мекеме болғандықтан, ақылы  қызмет көрсетіп, өзін-өзі қаржыландыруы тиіс. Осыған орай ауыл шаруашылық жануарларында кездесетін жұқпалы емес ауруларға қарсы, ақылы қызмет көрсетіледі.Ақылы қызмет ауру түрлеріне және қызмет көрсетілетін орынның қашықтығына байланысты, мекеме қызметкерлерінің жалпы жиналысымен белгіленіп, аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысымен келісілген,  баға анықтамалығына (прейскурант) сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге қора жайларды және ауыл шаруашылық жануарларын әртүрлі сыртқы паразиттерге битке,қотырға,кенелерге) қарсы ДУК автокөлігімен залалсыздандыру (шомылдыру) жұмыстарында ақылы турде атқарамыз, бұл жұмыстар жоспардан тыс мезгілде және шаруа қожалықтарының сұранысы бойынша жүргізіледі. Ақылы қызметтің баға анықтамалығы (прейскурант) Жаңатас қаласы мен барлық ауылдық округтің вет.пункт меңгерушілерінде және әкімшіліктің ғимараттарында ілінген.

Ү.Таңатаров, бас ветеринар маманы

Бауыр обыры

Бауыр обыры рактың өте сирек кездесетін түрі, көбінесе бауыр циррозына байланысты 50-60 жастан кейін дамиды.

Сыртқы көрінісіне қарап бауыр обыры: 1) түйінді;  2) ауқымды;  3) диффузды түрлерін ажыратады. Рактың түйінді түрінде бауырда бірнеше ісік түйіндері табылады.

 Ісік түйіндері бірнеше жерден бір мезгілде өседі. Ауқымды рак бауырдың бір бөлігінде ірі ісік түйіні түрінде өседі. Диффузды рак цирроздық өзгерістер негізінде дамиды, кейде ол бауыр тканіне араласа өсіп, сыртқы көрінісі анық білінбейді. Кейде рак диагнозы микроскопиялық тексеруден кейін ғана қойылады.

Бауыр обыры туындау көзі бойынша бірнеше топтарға бөледі: 

1) бауыр клеткалары рагы;

2) өт жолдары рагы;

3) аралас рак;

4)дифференциаланбаған рак. Осылардың ішінде ең жиі ұшырайтыны гепатоллюлярлы рак. Холангиоцеллюлярлы рак өт жолдарының эпителиіне ұқсайтын клеткалардан тұрып, безді рак құрылысына ие болады. Бауыр рагы лимфа түйіндеріне, гематогенді жолмен өкпеге, миға, бүйректерге метастаз береді. Кейде рак түйіні бауырдың өзінде метастаз жолымен таралады.

Бауыр  рагының клиникалық көріністеріне ауыратын науқастардың көпшілігіне бауыр зақымдану сипмтомдарына байланысты  негізгі  аурулары: Бауырдың  көлемінің ұлғаюы (90%), ауырсыну сезімі (70%), арықтау, тәбетінің төмендеуі, құсу, жүрегінің айнуына, құсуына, іштің кебуіне, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі көбіне  субфебрилді турде ісіктің ағзаны улануына байланысты, ішке судың жиналуы (50%), терінің сарғаюы тұрақты емес белгі және айқын көрінісі бола бермейді.

Бауыр обырының анықтау әдістері: Ультра дыбыстық тексерулер, КТ, МРТ іш құрылыстың, АФП, СА-19-9, СА 50, СА-125, РЭА, морфологиялық диагностика (тонкоигольная пункционная биопсия под контролем УЗИ) немесе стационар деңгейінде лапароскопия.  Рактан сақтану жөнінде соңғы кезде ғылым көрнекті табысқа жетті. Ғасырлар бойы жан-жақты зерттеліп жиналған қорытындыға қарағанда, рак сау ағзада өспейді. Адам денесінде ертеден келе жатқан созылмалы, кезінде емделіп жазылмаған түрліше жара-жарақаттар ракқа негіз болады. Ағзалардағы осы ақауларды «Рак алды — хал» деп атайды. Сондықтан ракқа қарсы күрестің ең күшті шараларының бірі— халықты жаппай медициналық тексеруден өткізіп, рак қауіпін туғызатын ақаулар табыла қалса, оларды алдын ала емдеу. Рак секілді етек алып, көбірек жайылған қауіпті аурудан сақтануда әрбір азаматтың нақты жәрдемі тимесе, медицина қызметкерлері тиісті шараларды өздігінен жүргізуі қиын.

А.Жалимбетова, аудандық орталық ауруханасының дәрігері

Қоғам және заң

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысы бәрімізде тек бір мәселе – Қазақстан халқының амандығы және бір мақсат – Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашан атап көрсетеді. Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған.

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары  бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді.     Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды  қолдану туралы тапсырмалар берді. Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады,өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты.   

Б.Арысбаев, аудан

 бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары