ТАЗА АУА - ТІРШІЛІК КЕПІЛІ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау және экологиялық көрсеткіштерді жыл сайын жақсарту - Еуразиялық топқа кіретін "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің басым бағытыттарының бірі болып табылады.

Корпорация экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын ұстана отырып, өндіріске заманауи технологияларды енгізуде. "ЕЭК" АҚ Халықаралық стандарттау  мекемесінен сапа, қоршаған орта, денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қорғау және энергия менеджменттер жүйесін қамтитын басқарудың интеграцияланған жүйелерін енгізіп, бүгінгі таңда жұмыс істеуде.

Аталмыш өндіріс орнында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен қазіргі уақытта табысты іске асырылып жатқан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, келісілген.

ҚР заңнамасымен қарастырылған сегіз бағыт бойынша 30-дан астам іс-шара өткізілді. Аталған шараларды орындауға жұмсалған нақты шығындар 9 айда 265 млн.теңгені құрады.

Бүгінде компанияда 2001 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Ақсу электр станциясының энергия блоктарын кезең-кезеңімен жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. №1, 2, 3, 4, 6 блоктарды кешенді жаңғыртудан өткізу аяқталды. Өз кезегінде бұлар қазіргі заманғы техникалық және экологиялық талаптарға жауап береді және жаңа энергия үнемдеуші технологиялар қолданылады. Қазіргі уақытта №5 энергоблокты жаңғырту бойынша жұмыс қорытынды сатысында тұр, оған компания шамамен 53 млрд.теңге жұмсады.

Блокта 99,6% күл ұстау тиімділігі бар жаңа электр сүзгілері орнатылмақ. Блокты пайдалануға енгізгеннен кейін блоктың қайта жаңартылатын жабдығына қатысты күл шығарындыларын төмендету шамамен 60%-ды құрайды. Бұдан басқа, электр сүзгілерін қайта құру басталғаннан бастап электр станциядан атмосфераға ластаушы заттардың үлестік шығарындылары 39%-ға төмендеді және 2018 жылдың 9 айында 10,5 г/кВт құрады.

Ағымдағы жылы №7 энергоблокты қайта жаңарту бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге шешім қабылданып, орындалды. Оның құрамында шығатын газдарды тазалау үшін электрдің орнына жеңдік сүзгіні орнату жоспарланып отыр. Бұл шаралардың арқасында қатты бөлшектердің жалпы шығарындыларын 10 есеге дейін азайтады. Сандық мәнде энергоблок қазіргіге қарағанда 9000 тоннаға аз шаң шығаратын болады. Бұл - еуропалық нормалар. Айта кетерлігі, Қазақстанда алғаш рет электр станцияларында жеңдік сүзгілер орнатылады. Жобаны жүзеге асыру алдағы жылы басталмақ.

Сондай-ақ, "Восточный" кенішіндегі қазандықтың түтін газдарын тазартудың озық тәсілін апробациялау туралы шешім қабылданды, ол кеніштің шығарындыларындағы барлық шығарындылардың шамамен 80%-ын құрайды. Қазіргі уақытта тәжірибелік қондырғыны жобалау жүргізілуде. Қондырғы түтін газдарын бірден бірнеше компоненттерден: қатты бөлшектерден, күкірт оксидтерінен және азот оксидтерінен тазартуға мүмкіндік береді.

"ЕЭК" АҚ  №1 және 2 ЭС күл үйінділерін қалпына келтіру жалғасуда. Шаңның беті топырақпен жабылған, соның арқасында өсімдіктердің белсенді өсу процестері жүріп жатыр. Ал Ақсу қаласының тұрғындары тарапынан нәтижелері бағаланды.

Күл-шлак қалдықтарын қайта өңдеу қатты отынмен жұмыс істейтін барлық жылу электр станцияларының ортақ мәселесі болып табылады. Ақсу ЖЭС-да көмірді жағу процесінде пайда болған күл мен шлак қалдықтары 2016 жылы пайдалануға берілген №3 күл үйіндісінде сақталады. Осы күл үйіндісін салу кезінде геомебрана қолданылды, бұл жер асты және жер үсті суларын ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін сенімді және берік сүзгі экраны болып табылады. Үйінділерде орналастырылатын күл-шлак қалдықтарының көлемін төмендету үшін электр станциясында құрғақ күлді іріктеу және шығару бойынша қондырғы жұмыс істейді, осы қондырғының өнімділігі жылына 100 мың тонна құрғақ күл, 5000 тонна күл-шығудың жеңіл фракциясын жинау жүргізіледі.

Облысымызда өткен жылы жарияланған "Экология жылын" қолдау мақсатында корпорация 2016 жылы пайдаланудан шығарылған №2 күл үйіндісінің барлық шаңды бетін жабуды жүзеге асырды. Төселген топырақтың жалпы көлемі 1 млн. 200 мың теңгеден асты, ал шығындар 174 млн. теңгені құрады. Облыс үшін ағаштар мен бұталардың көшеттерін өсіретін "Атамекен-Родина" қоғамдық бірлестігіне 8,5 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Бұл қаражатқа электр беру желісі салынды, жинақтау резервуары бар ұңғыма жайластырылды, құбырлар сатып алынды және отырғызу картасы бойынша суару магистралін ажырату орындалды. Жоспарға қосымша, Павлодар-Ақсу автожолы бойында 100 қарағай көшеті отырғызылып, күту және суару жұмыстары жүргізілді. "Ақсу" балалар эко-техно орталығында энергетиктер аллеясын құру бойынша акция өткізілді (50 қарағай отырғызылды). Ертіс өзенінің биоәртүрлілігін сақтау мақсатында 34 мың тұқы балықтары жіберілген, оған жұмсалған қаржы 600 мың теңгеден асады.

"ЕЭК" АҚ екі меншікті және бір бөгде аккредиттелген зертханалармен атмосфералық ауаны, ағынды және жер асты суларын өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырады. Павлодар облысы әкімдігі мен "ЕЭК" АҚ арасында қол қойылған меморандум аясында қолға алынған міндеттемелер орындалуда.

 

2018 жылы Ақсу ферроқорытпа зауыты табиғатты қорғау бағдарламасын жүзеге асыруға 2,5 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Өндірістік міндеттер мен қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындаумен қатар Ақсу ферроқорытпа зауыты - "Қазхром " Трансұлттық компаниясы" АҚ филиалы (ERG құрамында) экологиялық қауіпсіздікті арттыру бойынша маңызды жұмыстарды жүргізуде.

Кәсіпорынның табиғатты қорғау бағдарламасының негізгі бағыттары қолданыстағы газ тазарту жабдығын жаңғырту және қайта жаңарту болып табылады. Сондай-ақ, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мен пайдаға жарату, сол арқылы қоршаған ортаға кері әсерін қысқарту.

- Атмосфералық ауаға әсер етуін төмендету біздің жұмысымыздағы негізгі басымдыққа айналды және осы орайда ауқымды жұмыстар табысты жүргізілуде. Соңғы 18 жылда зауытта ферроқорытпа пештерінің тоғыз жаңа газ тазалау қондырғыларын салу арқылы кәсіпорын атмосфераға таралатын шаң көлемін екі есеге дейін төмендетті. Қазіргі уақытта кәсіпорында төртінші балқыту цехының газ тазарту жұмыстары жалғасуда. 2013 жылы іске қосылған жоба 2021 жылы аяқталады. Бұған дейін №41, №45, №46 үш жаңа газ тазарту пештері салынды. 2018 жылы тағы екі пешке арналған №42 және №44 газ тазалау жобалары орындалды. №44 пешті газ тазарту үшін жабдықтар сатып алу процесі жүріп жатыр, -  деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Сергей Прокопьев.

Кәсіпорынның қондырғыларға уақытылы техникалық қызмет көрсетуімен сүзгілерді үнемі ауыстыруының арқасында газ тазалау жабдығы тұрақты жұмыс істеуде. Зауыттың газ тазарту жүйелерінің тиімділігі 99% құрайды. Өндірісті қалдықсыздандыру мақсатында зауытта негізгі қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу тәжірибесі енгізілген.

Бірінші кезекте бұл - феррохром шлактарын өңдеу. 2018 жылдың 11 айында Ақсу ферроқорытпа зауытында 870 мың тоннадан астам шлак пайда болып, тиісті бөлімшеде толық қайта өңдеуден өтті. Өндіріске шаң-газ ұстау құрылғыларымен шаң да қайта түседі.

Шикізат материалдары тұнбасымен бірге агломерат өндірісі үшін компонент ретінде қызмет етеді.  Сонымен қатар, бұл жерде тек шаң Ақсудан ғана емес, Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан да іске қосылады. Бүгінде зауыттың агломерациялық цехында 16 мың тоннадан астам шаң өңделген. Бұл жоспардан 5 мың тоннаға артық.

Жанғыш ферроқорытпа газын өндіріске қосу процесі мен қарқыны төмендемеді. Бұл газ бүгінде агломерация процесінде пайдаланылады. Сондай-ақ,зауыттың қазандығындағы мазут пен көмірді алмастырады. Табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың бір дәлелі, зауыт көмір мен мазуттан бас тартуда, бұл да жағымсыз эмиссияларды қысқартады.

Айта кетерлігі, 2018 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының санитарлық-қорғау аймағы шекарасында атмосферада ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануының артуы байқалған жоқ.

- Жаңа өндірістік объектілер қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық қажетті талаптарды ескере отырып жобаланып, пайдаланылуда. Мысалы, бүгінгі күні кәсіпорында болып жатқан ең қуатты бөлімше - №6 балқыту цехын реновациялаудың басым бағыттарының бірі экологиялық қорғау деңгейін арттыру болды. Цех жаңа екі газ тазарту кешенімен жабдықталады, - деп атап өтті зауыт директоры.

2018 жылдың табиғатты қорғау бағдарламасы 18 іс-шараны қамтыды, 10 айда орындалу көлемі 2,2 миллиард теңгені құрады. 2019 жылға Ақсу ферроқорытпа зауытының экологиялық мақсаттарға арналған жоспарлы инвестициялары 6 миллиард теңгеден аспақ.

Жалпы, Еуразиялық Топ (ERG) алдағы үш жылда табиғатты қорғау қызметіне 30 миллиард теңгеден астам қаржы бағыттамақ.

АФЗ
АФЗ
ЕЭК
ЕЭК

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары