Талаптар сақталуы тиіс

Коронавирус індеті өткен жылдың көктемінде адамзаттың өміріне дендеп еніп, жазда көптің көз жұмуына алып келді. Сол себепті елдегі эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа түсіп, карантиндік режімнің тезірек аяқталуын жеделдету үшін сақтық шараларының қатаң сақталуына баса назар аудару қажет екені анық. Дегенмен соңғы уақытта ауру өз ауылын алыс салғандай болып, жағдай қалыпқа келе бастағанда, көпшіліктің осалдық танытып, бетпердеге бейқам қарап, сақтықты ұмыта бастағаны қынжылтады. 

Өзім медицина саласында 40 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Бұл уақытқа дейін дәл осындай дүрбелеңде «денсаулық» ұғымы жоғарғы межедегі статусқа ие болғанын көрмеппін. Біз әрқашан халықпен біргеміз. Үнемі денсаулықты күтуге, аурудың алдын алуға арналған үгіт-насихат жұмыстарын, сақтық шараларын жүргізіп отырамыз. Алайда, бұл вирусқа сенбей, дертті елемей жүргендер қаншама?! Ал сенсе де, көзі жетсе де, сақтықты жадыдан шығарып алатынымыз тағы бар. Барлық адамның ағзасы бірдей емес, кейбірінің иммунитеті мықты болып вирусқа қарсы тұра алғанымен, енді біреулер қарапайым тұмаудан да тұра алмай жататындарын көреміз. Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Сондықтан тұмау белгілерінде дәрігерге қаралып, ем алып, шектеу шараларын сақтауымыз қажет.
Әрбір отандасымыз өзінің саулығы үшін қолдан келгенше жеке сақтық шараларын ұстануы керек. Жалқы адамның жауапкершілік жұмысы – жалпы жұрттың саулығының негізі екенін естен шығармайық.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары