Шектеу шараларын мұқият сақтаңыз

Елімізде эпидемиологиялық ахуал әлі де алаңдатарлық жағдайда. Қазіргі таңда медициналық ұйымдар коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарды қабылдауға және емдеуге толық дайын. Барлық ауруханада медицина қызметкерлері үшін жеке қорғану құралдарының, дезинфекциялық препараттардың, дәрілік заттардың қажетті қоры бар.

Осыған орай көпшілікке айтарымыз, сіздер мына төмендегі ережелерді сақтай отырып, өз денсаулықтарыңызды және жақындарыңызды қорғай аласыздар:
– мүмкіндік болса үйіңізден шықпаңыз, карантиндік жағдайдың талаптарын қатаң сақтаңыз, аса қажет болған жағдайда сыртқа шықсаңыз, медициналық маска тағыңыз, бір реттік қолғап және жыл мезгіліне сәйкес жеңі ұзын жейде киіңіз;
– қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз немесе құрамында спирті бар антисептикпен жиі сүртіңіз;
– мүмкіндігінше қолдарыңызды көзіңіз­ге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз;
– тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен жабыңыз, дереу майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне тастаңыз да, қолыңыз­ды спирті бар антисептикпен немесе сабынды сумен жуыңыз;
– күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе басқа дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіңіз;
– үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз;
– байланыс құралдарын пайдаланып, басқа адамдармен қашықтықтан сөйлесіңіз, қонаққа бармаңыз және достарыңызды үйге шақырмаңыз. 
– салауатты өмір салтын ұстаныңыз, құнарлы тамақтаныңыз, иммунитетті нығайтатын витаминдерді қабылдаңыз, жоғары құрамы бар өнімдерді қолданыңыз.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін коронавирус ауруы тіркелген елдерге барудан бас тартуыңызды ұсынамыз. Сапар кезінде немесе сапардан кейін респираторлық аурудың симптомдары пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз және өзініздің сапарыңыздың тарихын емдеуші дәрігермен бөлісіңіз. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы Call-орталығына хабарласа аласыз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары