ШЕКАРА БЕКЕТІНДЕ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

Кеше аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсел Сапахова «Айшабибі» бақылау-өткізу бекетінде болды.

Кеше аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсел Сапахова «Айшабибі» бақылау-өткізу бекетінде болды. Онда сақтық шараларының орындалуына баса назар ау­дарған басшылар ары-бері өтіп жатқан азамат­тардың дене қызуын өлшеп, індет дерегі анықтал­маған құжаттарына тексеріс жүргізіп отыр­ған аталмыш басқарма мамандарының жұмысын бақылады.
Осы сәтте біз сақтық шаралары ауданда қандай деңгейде атқарылып жатқанын Олжас Елебекұлынан сұраған едік.
 – Жамбыл ауданында індетпен күресу, алдын алу, таралына жол бермеу мақсатында 2 мобильдік, 1 мониторингтік және 17 ауылдық округі әкімі аппаратының жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері үздіксіз жұмыс жасауда. Олар сауда орталықтарына, азық-түлік дүкендері мен халық көп шоғырланатын орындарға жаднамалар таратып, түсіндіру жұмыстарына басымдық беріп, ойын-сауықтан бас тарту керектігін жұртшылыққа ескертуде. Сонымен қатар, аудан аумағындағы 30 мешітте дауыс ұлғайтқыштың көмегімен қараша халыққа сақтану ережелері тәулігіне бес мәрте хабарлануда. Ал, тәртіп сақшылары, яғни ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторлары қызметтік көлігімен көше бойымен жүріп өтіп, дыбыс күшейткіштің көмегімен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау, індетті ауыздықтаудың тәсілдерін айтуда. Бұдан бөлек, Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілері мен 17 ауылдық округтің парақшаларында инфографтар тұрақты жарияланса, жұқпалы дерттің ахуалы туралы 20-ға жуық тікелей эфир желі қолданушылар назарына ұсынылып, сауалдарға жауаптар берілді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бақылау бекетінде жағдай тұрақты. Азаматтар бетперде режимі мен арақашықтықты сақтаған, – деді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары