Санитарлық жұмыстар күнделікті жүргізілуде

Індетке қарсы күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі бетперде тағу, металл және пластикалық заттарды дезинфекциялау болып табылады. Өйткені вирус 30 минуттан 3 күнге дейін қауіптілігін жоғалтпайды.

Жамбыл ауданы №6 өрт сөндіру бөлімі күнделікті ғимараттың айналасына, сонымен қатар бөлмелерге және техникаларға санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Жақын орналасқан үй-жайлар да дезинфекцияланып, күніне екі рет өңделеді. Таяныштар мен есік тұтқалары бірнеше рет арнайы ерітіндімен жуылады.
Дезинфекциялау үшін әртүрлі химиялық топтардан жасалған құралдар пайдаланылады: хлорактивтік (дихлоризоцианур қышқылының натрий тұзы – жұмыс ерітіндісінде 0,06 пайыздан кем емес белсенді хлор концентрациясында, Б хлорамині – жұмыс ерітіндісінде 3,0 пайыздан кем емес белсенді хлор концентрациясында), оттек активті (сутегі тотығы үштен кем емес концентрацияда), гуанидиннің полимерлік туындылары (жұмыс ерітіндісінде 0,2 пайыздан кем емес концентрацияда), спирттер (тері антисептиктері және дезинфекциялық құралдар ретінде). 
Мамандар химиялық заттармен жұмыс істеу кезінде арнайы костюмдерді киіп, ережеге сай әрекет етеді. Дезинфекциялаудан кейін бетке жеке қорғаныс құралдарынсыз жанасуға болмайтынын қызметкерлер жақсы біледі. Карантинге байланысты барлығы бетперде мен қолғапты, хлорды пайдаланады. Бұл ретте хлордың жаңа вируспен күресте шын мәнінде тиімді екенін ескерген жөн.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары