Полиция ардагерлерінің көмегі

Коронавирус індеті ел азаматтарының пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай қысыл-таяң уақытта әлеуметтік жауапкершілікті сезінген Жамбыл ауданының Құрметті азаматтары, полиция ардагерлері Раззақбай Аманбеков пен Сәпілмәлік Тәжиев аудандық мүгедектерді оңалту орталығының ұжымына медициналық маскалар мен халаттар таратты. Игі іске мұрындық болғандарға мекеме басшысының міндетін атқарушы Бота Құлдасова ұжым атынан алғыс айтты. 

Ардагерлердің пікірінше, бұл шара коронавируспен күресуге септігін тигізеді. «Бұл – халыққа көрсетіліп жатқан көмек. Азаматтарымызға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, карантин талабын міндетті түрде орындау керек екенін көрсетеді. Қазіргі таңда әлем аты жаман аурумен күресіп жатыр. Әсілі, қазақ аурудың атын айтпайды ғой. Бұл – бір-бірімізге бауырмалдық танытатын уақыт», – деді полиция ардагері Раззақбай Аманбеков.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары